👈 қаріп өлшемі 👉

Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау «Шайтанкөл» (Мысал) (4 сынып, I тоқсан)

 Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау  «Шайтанкөл» (Мысал)  (4 сынып, I тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлімі: Менің Отаным – Қазақстан
Сабақ тақырыбы: Шығарманың тақырыбы мен негізгі ойды анықтау «Шайтанкөл» (Мысал)
Оқу мақсаттары: 4.2.3.1 шығарманың тақырыбы және негізгі ойды анықтау, автордың ойын мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу
4.2.8.2 көркем шығарманы басқа үлгідегі (иллюстрация, музыка (күй), мультфильм, кинофильм) нұсқасымен салыстыру
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды, мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу, ондағы эпизодтарды кинофильм нұсқасымен салыстыру.
Көптеген оқушылар: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды, мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдей алады, ойларын негіздейді
Кейбір оқушылар: негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігіне сүйеніп, ондағы эпизодтарды кинофильм нұсқасымен салыстыруда өзінің көргені бойынша байланыстыра алады.
Сабақтың басы
Ширату: «Терминдер» арқылы болжау әдісі.
Нұсқау: сыныпқа сөздер салынған (көл, Қарқаралы, аңыз ) «Сандық» қойылады. Оқушылардан осы сөздер бойынша оқылытын мысалдың не жайында болатынын болжайды.
Сабақ мақсаты: шығарманың тақырыбын және негізгі ойды, мәтін деректерінен келтіре отырып дәлелдеу, ондағы эпизодтарды кинофильм нұсқасымен салыстыру.
Сабақтың ортасы
1- тапсырма
(Ұ,Т). «Суреттер арқылы болжау» әдісі. Суретке қарап, өзің білетін және білгің келетін екі мәліметті айт. Оқитын шығарманың тақырыбын болжа.
1. Мысалдың мазмұны бойынша сурет көрсетіледі.
2. Суретке қарап, оқушылар өзідерінің білетін және білгісі келетін екі мәліметін топта ортаға салады.
3. Сол арқылы мысалдың тақырыбын анықтап, тізімін құрастырады.
4. Тізімнің ішінен дұрыс деп есептеген тақырыптарының үшеуін мұғалімге тапсырады.
5. Мұғалім барлық топтардың берген тақырыптарынан қайта тізім құрастырып, экраннан көрсетеді.
6. Мұғалімнің құрастырған тізімінің ішінен бір тақырыпты таңдалады.
7. Дұрыс жауаппен таңдалған жауап салыстырылады. Ертегінің тақырыбы ашылады.
Саралау: «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі арқылы мысалдың тақырыбын жазуда нақты көмек көрсетіледі. Сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру негізінде жұмыс жүргізуге негіздейді.
Қ/Б: «Бас бармақ» әдісі арқылы әр топ бір-бірлерінің жауаптарын бағалайды.
2-тапсырма
(Ж)«Диалог-ертегі» әдісі. «Шайтанкөл» мысалындағы негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін анықта, оқы.
1. Мысалды бір оқушы бастайды, ал қалған оқушылар басталған мысалды бір-бір сөйлеммен ары қарай жалғастырып оқиды.
2. (ЖЖ) Мәтінді оқып болған соң негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін табу тапсырылады. Оқушылар жұптасып мәтінге қайта шолу жасап, негізгі ойды білдіріп тұрған бөлігін белгілейді.
3.(Т) Негізгі ойды білдіріп тұрған бөлімді барлық топтар дауыстап оқып береді.
Саралау: қорытынды бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтижелер күтіледі. Мәтіннің негізгі ойын анықтауда, кейбір оқушыларға мұғалім қолдау көрсетеді.
Қ/Б: «Бағдаршам» әдісі. Қызыл түс – ештеңе түсінбедім. Сары түс – жартылай түсіндім. Жасыл түс – түсіндім.
3-тапсырма
(Т) Мысалдың негізгі ойын білдіріп тұрған бөлігін, мысалдан деректер келтіре отырып дәлелде.
Оқушылар мысалдан екі оқиғаны таңдап алады. (Мыс:
Содан бері үш жасты қыршынынан қиған бұл көл «Шайтанкөл» атаныпты.
Бұл шақта Сұлушаш Тескентаста сырнай тартып отырады. Кенет ту сыртынан ырылдаған дауыс естіледі. Жалт қараса, артында арыстан тұр екен. (Ерте кездерде Сарыарқада арыстан да жолбарыс та жортып мекен еткен). Қыз қорыққаннан көлге құлап кетеді.
Деректер келтіре отырып дәлелде. Дәлелдер келтіруге жетекші сұрақтар:
- Мысалдың осы бөліктері негізгі ойды білдіріп тұрғанын дәлелде, себебін түсіндір.
- Берілген оқиғдан ««Шайтанкөл» атануының себебін түсіндір
- Олар неге мысалдың ортасында және соңында берілген?
Саралау: «Тапсырма» тәсілі арқылы бағыт беріледі. Оқушылардың қабілеттеріне қарай салыстыруға мүмкіндік беріледі.
Қ/Б: «Екі жұлдыз, бір тілек» әдісі Екі жұлдыз- жұмыс туралы екі ұнаған нәрсе. Тілек- жақсартуды қажет ететін нәрсе.
4-тапсырма
(Т) Мысалды кинофильм нұсқасымен салыстыр.
1. «Шайтанкөл» бейнежазбасын топта көріп танысады.
2. Оқушылар шағын топтарға біріктіріледі. Әр топ кестеде берілген оқиғалардың бөліктерін бейнежазбада қалай көрсетілгенін кестеге жазады..
№ Мысалдағы оқиғалар
1 Олар қашып барып, Қарқаралы маңайындағы Жиренсақал деген жерді мекендейді. Сол жерге аң аулап, құс ұстап күндерін көреді.

Осы оқиға қалай өзгерді?
–––––––––––––––––––––––––
Олай өзгеруінің себебі
–––––––––––––––––––––––
№ Мысалдағы оқиғалар
2 Содан бері үш жасты қыршынынан қиған бұл көл «Шайтанкөл» атаныпты.

Осы оқиға қалай өзгерді?
–––––––––––––––––––––
Олай өзгеруінің себебі
–––––––––––––––––––––––
Саралау: топтық жұмыстың нәтижесін талдауда саралаудың «Қорытынды» тәсілі арқылы қолдау көрсетіледі. Мысалдың мазмұны бойынша не түсінгендеріне көз жеткізуге бағытталады.
Қ/Б: «Екі дұрыс, бір бұрыс» тәсілі. Тапсырма бойынша топтардан бір бақылаушы тұрып екі дұрыс, бір бұрысын айтады.....

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы