👈 қаріп өлшемі 👉

Отанымды сүйемін (Үш бақытым М. Мақатаев) (3 сынып, IV тоқсан)

 Отанымды сүйемін (Үш бақытым М. Мақатаев) (3 сынып, IV тоқсан)

Пән: Әдебиеттік оқу
Бөлім: Демалыс мәдениеті. Мерекелер
Сабақ тақырыбы:Отанымды сүйемін (Үш бақытым М. Мақатаев)
Оқу мақсаттары: 3.2.3.1 шығарманың тақырыбын анықтау және негізгі ойды білдіріп тұрған мәтін бөлігін/сөйлемді анықтау;
3.2.8.2 мұғалімнің көмегімен көркем шығарма үзіндісін басқа үлгідегі (иллюстрация/ музыка (күй) / мультфильм) нұсқасымен салыстыру.
Сабақ мақсаттары: Барлық: өлеңге тақырып қояды, түсініп оқиды;
Көптеген оқушылар: өлеңдегі негізгі ойды білдіретін сөйлемді анықтайды;
Кейбір оқушылар: көркем шығарманы басқа үлгідегі нұсқасымен салыстыра сипаттайды.
Сабақтың басы
Ширату тапсырмасы
«Сәлемдесу» ойыны
Оқушыларға белгі берілгенде бір -бірімен амандасады. Көзбен,қолмен, иықпен, тіземен, арқамен амандасады. Қимылды тез жасаулары керек
Сонымен, көзбен… қолмен… иықпен… тіземен… арқамен
Топтарға бөліну
Балалардың түрлі түсті қалпақ таңдау арқылы топтарға бөлінеді.
Сабақтың тақырыбы мен оқу мақсатымен таныстыру. Бағалау критерийін оқушылармен бірлесе құрастыру немесе таныстыру.
Сабақтың ортасы
Автормен танысу
«Жұптас-ойлан-бөліс» әдісімен «Мұқағали кім?» сұрағына жауап іздеу.
(алдын ала берілген тапсырма бойынша ізденіп келген мәліметтерін біріктіреді)
Бала ақын
Аға ақын
Патриот ақын
Аудармашы ақын
Лирик ақын
1931-1976жж
Алматы обл. дүниеге келген.
Қорытынды: Ақын, патриот, жазушы, аудармашы.
1-тапсырма
(Ө) «Бірлескен оқылым» әдісімен оқулықтағы М. Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңін оқушыларға оқуды тапсырады. Барлық оқушы өлеңді жеке оқып болғаннан кейін, оқу тілін зерделеуге түсініксіз сөздермен жұмыс жүргізіледі.
Оқушылар өлеңге талдау жасап, сұрақтарға жауап береді.
Ақынның үш бақытын ата.
Тағы нені бақыт деп санайсың? Авторы туралы не білесіңдер? Өлеңде қандай қасиеттер туралы айтылға Сендердің бойларыңда қандай қасиеттер бар? Екі шыбынның әңгімесінен не түсін Оны мысалдың қай бөлігінен байқауға болады?
Саралау: Қабілеті төмен оқушыларға өлеңді оқуға қосымша уақыт беруге болады.
(Б) «Жұлдызша» әдісі
Жақсы жұмыс жасаған топқа жұлдызшалар тарату
2-тапсырма
(Ж, ЖЖ) «Бірге ойлаймыз» әдісіне сүйеніп «Бақыт» ұғымына 5 сөз ойластырып жазады.
Үлгі:
Тыныштық, ынтымақ, халық, тіл, Отан.
«Екі түрлі түсініктеме күнделігі» әдісіне сүйеніп М.Мақатаевтың «Үш бақытым» өлеңі бойынша өз ойларын жазады.
Өлеңнен үзінді Менің ойым
Саралау: уақыт бойынша саралау жүргізіледі. Тапсырма барлық оқушыларға ұсынылады, бірақ әртүрлі нәтиже күтіледі. Қабілеті төмен оқушыларға қосымша уақыт беру ескеріледі.
(Б) «Қолмен белгі беру» әдісі арқылы бағаланады. Басбармақ жоғарыға қарай = Мен түсінемін. Басбармақ көлденең = Мен түсінгендеймін. Басбармақ төмен қарай = Көмек керек.
3-тапсырма
(Ұ,МК)«Пікірталас» әдісімен «Кірқыстырғышта» ілінген мақалдарды оқып, пікірін білдіреді.
Отанды сүю отбасыңнан басталады.
Елін сүйген ерлік істейді.
Бұлбұл гүлзарын сүйеді,
Болар жігіт Отанын сүйеді.
Саралау: Орындау барысында құнды пікірлер арқылы саралау. Кейбір оқушыларға көмек ұсыну.
(Б) «Ауызша кері байланыс» әдісі «Жарайсың», «Керемет», «Жақсы». Осы кері байланыс арқылы оқушылар өздері пайдалана алатын кері байланыс тілін қалыптастырады........

Құрметті оқырман! Файлдарды күтпестен жүктеу үшін біздің сайтта тіркелуге кеңес береміз! Тіркелгеннен кейін сіз біздің сайттан файлдарды жүктеп қана қоймай, сайтқа ақпарат қоса аласыз! Сайтқа қосылыңыз, өкінбейсіз! Тіркелу
Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Президенттің баспасөз қызметі Тоқаевтың 30 жыл бұрынғы суреттерін көрсетті (фото) 22.05.2022
» Қазақстандағы жеңілдетілген автокөлік несиелері: Автосалондар қосымша қызмет алуға мәжбүрлейді 20.05.2022
» 220-дан астам адам арыз жазған: Алматыда Qnet қаржылық пирамидасына қатысты қылмыстық тергеу басталды 18.05.2022

Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз. Cookie файл деген не?
Жақсы