Аңыз-ертегілерді оқу (2 сынып, III тоқсан )
Пән:Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: «Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті»
Сабақтың тақырыбы: Аңыз-ертегілерді оқу
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаты: (ОБ сілтеме) 2.2.1.1 Мәтіндегі негізгі ойды анықтайды және ақпаратты толық түсінеді, оқиғаның себебі мен кейіпкерлердің өзгеруін түсіндіреді
2.2.2.1 Негізгі оқиғаларға сүйене отырып, мәтіннің (әдеби және әдеби емес) тақырыбын анықтайды
2.2.4.1 Өз тәжірибесімен байланыстыра отырып, оқиғалар, кейіпкерлер туралы сұрақ қоя біледі және пікір айта бастайды
Сабақ мақсаттары: Аңыз ертегіні мәнерлеп, түсініп оқиды. Мәтінге ат қоюды үйренеді.Мәтіннен зат есімді табады.
Сабақ барысы: (Ұ.МК) Шеңберге тұрып, «Біз де» ойынын ойнайды.
М: -Мен сабаққа қатысамын
-Біз де
М: - тәртіпті боламын
-Біз де
М:-бестік баға аламан
-Біз де
М: -балаларды оқытамын
-Біз де
Деген жауап болса, ойын аяқталады. Мұғалім оқушылардан олардың міндетін сұрайды. Оқушылар жауабы (оқу)
(МК,Ұ) Оқушылардың қызығушылықтарын және ойлау қабілеттерін ояту мақсатында жұмбақ жасырылады.
Жұмбақ
Көлде жүрген ақ үйрек,
Түнде бар да, күндіз жоқ.
Күндіз күннен таярмын,
Түнде әлемге аянмын
Олай болса балалар, бүгінгі біздің сабағымызда «Ай неге жалаңаш қалды?» мәтінімен танысамыз. Үш топ үстел үстіндегі мәтінді алып оқып, бір-біріне мазмұндайды, мәтіннің басын, ортасын, аяғын өздері табады, тақырып қояды.
Сынып оқушылар үш топқа бөлініп отырғаннан кейін берілген сілтеме арқылы «Ай мен тігінші» мульфильмін көреді.
(Т) Топпен жұмыс.
1-топ. Бірде ай өзіне көйлек тіктіріп алмақ болыпты. Тігінші айдың бой тұрқын өлшеп алады да көйлекті пішіп, тігуге кіріседі. Уәделескен шағында Ай көйлегін алуға келсе, көйлегі әрі тар, әрі қысқа болып шығыпты.
- Иә, мен қателескен екем, - дейді тігінші. Сөйтіп, көйлекті қайта пішіп, қайта тіге бастайды. Уәделескен мерзім жақындап, Ай көйлегін алуға тігіншіге тағы келеді.
2-топ. Бұл жолы да көйлегі шақ келмей, қысқа болып қалыпты.
Иә, тағы да дұрыс өлшемеген екем ғой, - дейді. Айдың толыса беретініне түсінбеген тігінші. Сонымен қайта өлшеп, қайта пішіп, қайтадан тігуге кіріседі.
3-топ. Ай тағы да көйлегін алуға келе жатады. Тігінші киіз үйдің түтігінен асқанда келе жатқан топ-толық өзі тіккен көйлектен екі есе үлкен Айды көреді. Не істерін білмей, сасқалақтап тігінші басы ауған жаққа қаша жөнеледі. Ай ары іздеп, бері іздеп тігіншіні таба алмай қалады. Сол себепті, Ай көйлексіз жалаңаш қалыпты.
* Мәтінде не туралы айтылған?
* Айдың неге осылай өзгергенін түсіндір?
*Мәтінді басқаша қалай атауға болады?
* Мәтінді ойларыңнан ары қарай жалғастырыңдар.
Әр топ ары қарай жалғасын екі сөйлеммен айтып көреді.
(Ұ) Дәптермен жұмыс. Мәтіннің үшінші бөлігін дәптерге жазып, үшінші бөлігінен зат есімдерді тауып, олар зат есімнің қай түріне жататынын анықтайды. Кім? сұрағына жауап беретінді бір бөлек, не? сұрағына жауап беретінді бір бөлек жазады.
(Ө) Айдың өзгеруін суретке салу арқылы көрсетіңдер. Әңгіменің басында қандай болды, ортасында қалай өзгерді, аяғында қандай болды?
«Тігінші мен ай» мультфильмін көргендерін естерін тұсіріп, қазақтың ұлттық заттарын атап шығады.
Рефлексия. Оң қолдарын көтеру арқылы кері байланыс жасайды, ал сол қолын көтерсе сабақта түсінбеген жерлер болғанын аңғартады.
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? ......

Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter
Қарап көріңіз 👇
Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру
Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?