Өз отбасымның шежіре ағашын жасаймын (2 сынып, I тоқсан)

 Өз отбасымның шежіре ағашын жасаймын (2 сынып, I тоқсан)

Пән: Қазақ тілі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: Менің отбасым және достарым
Сабақ тақырыбы: Өз отбасымның шежіре ағашын жасаймын7
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары: (оқу бағдарламасына сілтемеу) 2.2.3.1 мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған және нақтылау сұрақтарын қою, оның жауабын мәтіннен таба білу
Сабақ мақсаттары: Барлық оқушылар: мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырады және жауап беруді біледі.
Көптеген оқушылар: Мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырып, жауап бере алады.
Кейбір оқушылар:Мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырып,жауап беріп,өз ойын дәлелді түрде түсіндіре алады.
Сабақ барысы: Ұйымдастыру.
(Ұ) Психологиялық дайындық
Біз бақытты баламыз
Ойнап күліп аламыз
Жетілсін деп санамыз
Оқып білім аламыз
ОМ таныстыру.
• мәтін мазмұны бойынша фактілерді анықтауға бағытталған сұрақтар құрастырасың;
• сұраққа жауап беруді білесің;
Кел сөйлесейік!
-Отбасы дегеніміз не?
-Отбасында кімдер тұрады?
-Отбасы мүшелеріне кімдер жатады?
-Отбасын кім басқарады?
-Отбасыңда қанша адам бар?
-Олар кімдер?
-Олар үйде қандай жұмыстар атқарады?
Отбасы суретіне мұқиият қара. Суреттегі отбасы мүшелерін атап шық.
«Осындай біздің отбасы» К.Күзембай.
Өлеңді оқы. Түсініксіз сөздерді белгіле.
АТА
АТА-үлкен,кәріміз,
Қуат берер дәріміз.
Әулиедей аялап,
Ардақтаймыз бәріміз.
ТӘТЕ
Таудай менің талабым,
Айна мен ақ тарағын.
Алып беріп тарпадан,
Тәте көңілін табамын.
АПА
Мейірімді апалар,
Балалар кеп бата алар.
Қалтасына кәмпит сап,
Немереге апарар.
АҒА
Қиындықтан қынбайды,
Атам сөзін тыңдайды.
Жұмсап мені жұмысқа,
Үлкендігін бұлдайды.
МЕН
Атам не айтса көнетін,
Апам көңіл бөлеиін,
Мен осы үйдің кенжесі,
Бәрі жақсы көретін.
(М.К) Әр адам өзі отбасының шежіресін білуі керек.Қазақта халқында жеті ата деген ұғым бар. Жеті атасын білу әр адамның парызы. Ата,әке, бала, немере, шөбере, шөпшек,немене.
(Ж) Шежірені білу неге керек?
Өз отбасыңның шежіре ағашын жаса. Орындалған жұмыстардан көрме ұйымдастыру.
(Т) Мәтінді оқы.
Біздің отбасымыз үлкен. Менің бес бауырым бар. Олардың есімдері – Асан, Аман, Қайрат, Жамал, Жазира. Асан мен Аман мектепке барады. Олар әріп таниды, оқиды, жазады. Ал Қайрат, Жамал, Жазира балабақшаға барады. Олар әлі кішкентай. Менің отбасым тату тұрады.
әтін бойынша сұрақтарға жауап бер.
- Баланың отбасы қандай?
- Отбасында қанша адам бар?
- Асан мен Аман қайда барады?
- Балабақшаға кімдер барады?
- Баланың отбасы қалай тұрады?.......


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇
  • Автор: Umit
  • 1 623



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?