Фотоэффект тақырыбына есептер шығару


Сабақтың тақырыбы:

Фотоэффект тақырыбына

есептер шығару

Практикалық сабақ

Сабақтың мақсаты:

білім беру: Фотоэффектінің кванттық теориясына арналған заңдылықтар мен формулаларды талдай отырып, есеп шығаруға үйрету. Теориялық алған білімдерін практикалық түрде қолдануға үйрету.

дамыту: Фотоэффектінің заңдарын еске түсіре отырып, Эйнштейннің фотоэффект үшін жазған теңдеуінің физикалық мағынасын аша отырып, фотоэффектінің заңдарына, фотонның импульсін, массасын, энергиясын есептеуді үйрету.

тәрбиелеу:табиғат заңдарының жүйелілігін саралай келіп, басты мақсат ғылым жетістігін дұрыс ұғына отырып, оны пайдалана білуге тәрбиелеу. Мысалдар келтіру арқылы, фотоэффектінің қолданылуымен таныстырып, оқушыларды ізденімпаздыққа, мақсатқа жетуге ұмтылуға, ұқыптылыққа, тиянақтылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Практикалық сабақ.

Көрнекілік құрал жабдықтар: Интерактивті тақта, сурет пен формулалар, үлестірмелі тапсырмалар, ActivOte құралдарымен жұмыс.

Болжап отырған нәтиже:

оқушы білуі тиіс: фотоэффектінің заңдарын, олардың ғылыми тұжырымдамасын оқи білуге және қолдана алуы тиіс. Фотондар мен оның энергиясы, импульсінің бар болуының ғылыми тұжырымдамасына баға бере алуы тиіс. Теориялық алған білімдерін практикалық түрде қолдануға үйренуі тиіс.

оқушылар үйренуі тиіс: фотоэффектінің заңдарын түрлендіре отырып жаза білуге, фотондар мен оның энергиясы, импульсін пайдаланып есеп шығара білуге тиіс.

Үй тапсырмасын тексеру(8’):

Фотоэффект деп қандай құбылысты айтамыз?

Фотоэффектінің тәжірибелік заңдарын айтып беріңдер.

Фотон деген не?

Ұйымдастыру кезеңі(2):Оқушылардың сабаққа дайындығын тексеру мен сабақты ұйымдастыру.

Фотоэффект дегеніміз -

Дұрыс жауабы:

Фотоэффект дегеніміз–

түскен жарықтың әсерінен

заттан(металдан және сұйықтардан) электрондардың ұшып шығу құбылысы

Фотоэффектінің заңдары:

Дұрыс жауабы:

eUж;

І заңы:Фотоэлектрондардың максимал жылдамдығы түскен жарықтың интенсивтілігіне тәуелді емес, ол тек жарықтың жиілігіне тәуелді.

υ ~ v

Фотоэффектінің заңдары:

Дұрыс жауабы:

ІІ заңы: Қанығу фототок күші максимал жылдамдығы түскен жарықтың интенсивтілігіне пропорционал өседі, бірақ жарықтың жиілігіне тәуелді емес.

υмах ~ Іинтенс.

Фотоэффектінің қызыл шекарасы: Aш=hν

Ф

K

ΔE~Δ

немесе λмах=

А

K

Дұрыс жауабы:

ІІІ заңы: Әр металл үшін фотоэффектінің қызыл шекарасы, яғни одан төменгі жиілікте фотоэффект байқалмайтын шекті ең аз жиілік νmin

υмах ~ Іинтенс.

Есеп шығару

Толқын ұзындығы λ=5,0*10-7 м. Фотонның энергиясын анықта (h=6,63*10-34 Дж*с; c= 3*108 м/с).

A - деңгей

Шешуі:

В - деңгей

Егер тежеуші кернеудің 1В мәнінде фототок тоқтайтын болса, онда фотоэлектрондардың максимал жылдамдығы қандай болғаны (е=1,6*10-19Кл; ме= 9,1*10-31 кг).

Шешуі:

С – деңгей(1)

Электрондардың металдан шығу жұмысы А 3,3*10-19 Дж. Фотоэффектінің қызыл шекарасын анықта υмин(h=6,63*10-34 Дж*с; )

Шешуі:

С – деңгей(2)

UT=3B потенциалдар айырымында толығымен тежелетін электрондарды жұлып шығаратын жарықтың жиілігі (Фотоэффект басталатын жиілік)

υ0 = 6*1014 Гц; һ=6,63*10-34Дж*c;

Шешуі:

Сабақты бекіту(15’):

ActivOte – мен тест сұрақтарына жауап беру

Қорытынды(2’):

Не білуіміз керек еді?

Не білдік?

Не үйрендік?

Нені түсінбедік?...

Оқушылар білімін бағалау(2’).

Үйге тапсырма беру(1):

§ 6.4 - 6.6 Сұрақтарды талдау. Жаттығудың есептерін аяқтау.


Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі
Пікір жазу