Фенолдар туралы


ФЕНОЛДАР

Фенолдар — бензол сақинасындағы бір немесе бірнеше сутек атомдарының орнын гидроксотоп басқан ароматты көмірсутектердің туындылары. Ең қарапайым өкілі — фенол С6Н5ОН немесе гидроксибензол.

Ароматты көмірсутектердің бүйір тізбектеріндегі сутек атом-дарының орнын гидроксотоп басқан өнімдер ароматты спирттер деп аталады.

Алынуы. Фенолды көбіне тас көмір шайырын өңдеу арқылы алады. Сондай-ақ ароматты көмірсутектерінің галогентуындыларын сілтімен әрекеттестіріп те алады:

Өндірісте бастапқы шикізаттар ретінде бензол мен пропиленді пайдаланып, кумолъді әдіспен фенол алу іске асырылған.

Физикалық қасиеттері. Фенол түссіз кристалдық зат. 43°С-та балқиды. Ауада ашық қалғанда тотығатындықтан, қызғылт түсті болады. Бөлме температурасында аздап қана ериді, ал 60°С-тан жоғары қыздырғанда, суда шексіз ериді. Фенол улы зат, теріні күйдіреді. Ерітіндісі антисептик ретінде қолданылады.

Химиялық қасиеттері. Фенол молекуласындағы атомдар бір-біріне өзара әсер ететіндіктен, полярлы қосылыс болады.

Қолданылуы. Фенолдың 35%-тік ерітіндісін зиянды микробтарды жою үшін антисептик ретінде қолданады. Фенолдан түрлі дәрі-дәрмектік препараттарды, бояуларды, синтездік шайырлар мен пластмассаларды, қопарғыш заттарды синтездеп алады.

Фенолулы зат, көп мөлшері теріні күйдіреді, табиғатқа зиянын тигізеді, сондықтан өндіріс қалдықтарындағы фенолды ағын суға жібермеу және зиянсыздандыру қажет.

Өндірістік қалдық сулардағы фенолды бактериялық әдіспен тазарту мүмкін емес, өйткені фенолдың залалсыздандырғыш қасиеті бар. Сондықтан фенол қоспаларын озондау әдісімен тазартады. Фенолдың буы да улы. Оны тағам өнімдеріне жақындатуға болмайды!

Бензол сақинасында гидроксил тобы бар қосылысты фенол деп атаймыз. Фенолда реакция гидроксил тобымен қатар ароматты сақинада да жүреді. Бензолмен салыстырғанда бромдау, нитрлеу реакциялары жеңіл өтеді, орын басу реакциялары 2,4,6-орындарда жүреді.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» 2025 жылы Ораза және Рамазан айы қай күні басталады?
» Утиль алым мөлшерлемесі өзгермейтін болды
» Жоғары оқу орындарына құжат қабылдау қашан басталады?
Пікір жазу