компьютерлік вирустардан қорғау. 8 сынып. Сабақ жоспары


компьютерлік

вирустардан қорғау

8 сынып

Сабақтың мақсаты:

Ақпаратты қорғау туралы түсінік беру.

Антивирустық қорғауды пайдалануға үйрету.

Компьютерлік вирус-өздігінен көбеюге қабілетті арнайы программалар, ол компьютер жадысында сақталатын программалар мен файлдарды құртуы, жоюы және компьютерді істен шығаруы мүмкін.

Вирус

жүктейтін вирус

Файлдық вирус

макровирустар

Троян

Басқа да вирустар

Оларды білікті қаскөй мамандар басқа бәсекелес фирмаларға зиян келтіру үшін қызғаныш, зиянкестік, мансапқұмарлық оймен немесе антивирустық программаларды сатудан ақша табу үшін жазады.

Вирустар қайдан пайда

болды?

Макровирустар-Word құжаттары және Excel электрондық кестесі құжаттарына вирус жұқтырады. Жұғу құжат файлын ашқанда орындалады.

Жүктейтін (загрузочный) вирустар – негізгі жүктейтін жазбаға немесе жүктейтін секторға вирус жұқтырады. Операциялық жүйе жүктелгенде жұқпалы тасушыдан вирус жұғады.

Файлдық вирустар- бұл қолданбалы программалардың ішіне енгізілген программалық кодалық блоктар. Вирустық кода программа жүктелгенде жіберіледі.

Вирустардың таралу жолдары

Дискеттер

Лазерлік дискілер

Компьютерлік желілер

Флешкалар

Вирустың пайда болуының белгілері

Бұрын жұмыс істеп тұратын программалардың жұмыс істемей қалуы

Компьютердің баяу жұмыс істеуі

Файлдар мен қапшықтардың жоғалуы немесе олардың мазмұнының бұрмалануы

Файл өлшемдерінің өзгеруі

Дискідегі файл санының кенеттен едәуір көбеюі

Жедел жад өлшемдерінің кішіреюі

Компьютердің жұмысындағы жиі тұрып қалулары мен бұзылуы

Алдын алу шаралары

Дискеттерді вирусқа тексеру

Компьютерді ұдайы вирусқа тексеру

Антивирустық деректер базасын ұдайы жаңарту

Зақымдануы ықтимал кездейсоқ “пираттық” (ұрлық) программаларды қолданбау.

Қосалқы көшірме жасау-ақпаратты архивтеу

Тапсырма №1

Вирус топтары мен олардың әрекеттерінің сәйкестігін көрсетіңдер.

Компьютердің бастапқы жүктеу программасын

Жүктемелік зақымдайды және компьютердің жүктелуі

кезіңде іске қосылады

Файлдық Жүз мыңдаған компьютерлерді біріктіретін

желілерде таралады

Драйверлік СОМ және ЕХЕ кеңеюлері бар файлдарды

зақымдайды

Желілік Компьютер құрылғыларының драйверлерін

зақымдайды

Антивирустар

Вирустарды байқайтын және жоятын программалар

антивирустық программалар деп аталады.

Антивирус – бұл компьютерді емдейтін дәрігер.

Антивирустық программалар типі

Детектор программалар

Фагтар, доктор-программалар

Тексерушілер

Тапсырма №2

Оқулықтың сәйкес тақырыбындағы материалды пайдаланып, кестені толтырындар.

Тест

1.Компьютерлік вирус,бұл - мынадай программа:

А)компьютерді бұзатын;

в) “көбеюге” қабілетті және басқа программаларды “зақымдайтын”

с)қапшықтар мен файлдарды жоятын

д)желілер бойымен таралатын

2. Ақпарат қорғау ұғымы төмендегілерді қамтиды:

а)электрондық поштамен хат алысу құпиясын сақтауды

в)компьютер жұмысының сенімділігін

с)пернетақта жұмысының сенімділігін

д)ақпаратты басқалардың оқуынан, өзгертуінен қорғауды

е)монитор жұмысының сенімділігін

3.Вирус әрекеттері білінуінің негізгі белгілері:

а)компьютердің баяу жұмыс істеуі

в)бос жедел жад мөлшерінің себепсіз азаюы

с)компьютердегі деректердің сақталмауы

д)компьютер жұмысының жиі іркілуі мен бұзылуы

е)бұрын дұрыс жұмыс істеп тұрған программалардың жұмысының тоқталуы немесе дұрыс жұмыс істемеуі

ж)компьютерді іске қосқанда да, ол жұмыс істемейді

з)файлдар мен қапшықтардың жоғалуы немесе олардың мазмұнының бұрмалануы

и)дискідегі файлдар өлшемінің үлкеюі немесе кішіреюі

к)дискідегі файлдар санының тосыннан көбеюі



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу