Акинетикалық кіші ұстама. Фокальды ұстамалар


«Астана Медицина Университеті» АҚ

Тақырыбы: Акинетикалық кіші ұстама. Фокальды ұстамалар

Орындаған: Абдирова А

666 топ ЖПД

Қабылдаған: _______________

Астана - 2013

Презентация

Жоспары

Кіші ұстамалар жайлы түсінік

Пропульсивті (акинетикалық) ұстамалар

Фокальды ұстамалар

Фокальды моторлы ұстамалар

Фокальды соматосенсорлы ұстамалар

Фокальды ұстамалардың мүмкін болатын себептері

Кіші ұстамалар  (petit malүлкен ұстамалармен қатар эпилепсия көрінісінде маңызды орын алады. Үлкен ұстамалрға қарағанда клиникалық көрінісі әр түрлі болып келеді.

Эпилепсияны зерттеушілердің көпшілігі кіші ұстамалардың қатарына абсанспен бірге бұлшықет тонусының қысқа уақыттық пароксизмальды жағдайларын біріктірді: пропульсивті ұстамалар(салемұстамалр, найзағай тәрізді және клоникалық пропульсивті ұстамалар деп бөледі), ретропульсивті (клоникалық, рудиментарлы және пикнолептикалық деп бөледі), сондайақ импульсивті кіші ұстмалар.

Пропульсивті (акинетикалық) ұстамалар

Пропульсивті (акинетикалық) ұстамалар әр түрлі пропульсивті , яғни алға бағытталған қимыл қозғалыстар (пропуль-сия) тән. Пропульсивті ұстамаларда бастың, бүкіл дененің постуральды бұлшықет тонусының аяқ астынан әлсіреуі болады. Пропульсивті ұстамалар ерте жастағы балаларға тән(4 жасқа дейін). Көбінесе ұл балаларда түнгі уақытта пайда болады. A. Matthes пайымдауынша 80 % жағдайда олардың себебі бас миының пренатальды және постнатальды зақымдануы болып табылады. Үлкен жастағы адамдарда пропульсивті ұстамалармен қатар үлкен тырыспа ұстамалары болады.

Пропульсивті ұстамалардың әр түрлілігіне басын изеу қимылдарының сериялығы және басын бірден алға және артқа еңкейту (бұл кезде алдында тұрған затқа бетімен соғылуы мүмкін) жатады. Басын изеу және еңкейту 2-5 айлық балаларға тән.

Салемұстамалар деп атану себебі ұстама кезінде науқастардың ісқимылы мұсұлмандық иіліп салем салуға ұқсайды (денесі алға еңкейеді, баы төмен түседі, ал қолдары жоғары және жанжағына ашылады); бұндай ұстамалар құлаумен жүрмейді.

Найзағай тәрізді ұстамалар салемұстамалардан айырмашылығы тез дамуымен көрінеді; ал басқа жағдайларда клиникалық көрінісі ұқсас болып келеді. Есте болатын жағдай бұл дененің тез және бірден бұру нәтижесінде науқастар құлауы мүмкін.

Фокальды ұстамалар

Фокальды ұстамалар мидың қыртыс асты бөлігін қоздыру нәтижесінде пайда болады. Әдетте ол 30 секундқа созылады және науқастың ес деңгейін өзгертпейді. Ұстаманың типі мен ағымы қоздырылған жердің бөлігіне байланысты болып келеді.  Фокальды ұстамаларды моторлы және соматосенсорлы деп бөлуге болады. Фокальды моторлы ұстамалар өз кезегінде джексондық және бөліктік эпилепсиялық болып бөлінеді. Соматосенсорлы ұстамалар визуальды, иіс сезу және есту ұстамаларынан тұрады.  

Фокальды моторлы  ұстамалар

бір жақты клоникалық (бұлшықеттердің тартуы ) және дененің бір жартысының тоникалық (бұлшықеттердің жансыздануы) қозғалыстарымен көрінеді. Науқастың басы мен көзі гемисфералық жаққа қарап тұрады. Дененің тоникоклоникалық жиырылулары көрінуі мүмкін. Джексондық моторлы ұстама кезінде әдетте алдымен саусақтардың, ауыз бұрышының және бір табанының тоникалық жиырылуы байқалады. Одан кейін клоникалық қозғалыстар болады. Науқас қолын немесе аяғын көтере алады. Клоникалық қозғалыстар қарамақарсы жаққа да берілуі мүмкін, одан кейін жалпыға айналып естің жоғалуына әкеледі. Соңғы стадиясында науқаста 24 сағаттың ішінде қайтатын зақымдалған аяқ қолдың параличі пайда болуы мүмкін. Бөліктік эпилепсия белгілі бір топ бұлшықеттердің, әдетте беттің, қол мен аяқтың клоникалық тик пайда болуы шақырады. Тик бірнеше минут сайын пайда болып күндерге, айлар бойы көрінуі мүмкін. Спазмдар аяқ пен қолдың проксимальдыға қарағанда дистальды бұлшықеттерін зақымдайды. Бетте олар ауыз бұрышын, бір немесе екі қабақты, ал кейде мойын бұлшықеттері мен дененің бір бөлігін зақымдайды.

Фокальды соматосенсорлы ұстамалар дененің бір жағындағы локальды бөлікті зақымдайды. Әдетте алдымен жансызданған сезімі пайда болады. Сирек ашу сезімі немесе ауыз бұрышындағы, аяққол саусақтарының ауырсынуы болады. Визуальды ұстамада  қараңғылық сезімі, алдымен қызыл түсті, одан кейін көкшіл , жасыл және сары түсті жанып тұратын оттардың пайда болуы болады. Ұстама екі көру алаңын немесе тек бір жақ бөлігін зақымдауы мүмкін. Қозу бөлігі шүйде аймағында орналасқан. Керісінше, есту немесе иіс сезу ұстамаларында қозу бөлігі самай аймағында орналасқан. Балаларда мұндай ұстама жалпыға ауысады. Сонымен қатар балада көзі бір жаққа бұрылады немесе басы мен көзі бірге бұрылады. Жаңа туылған нәрестелерде ауыздың тартуы байқалады. Балаларда фокальды ұстамлар гемиплегиялық церебральды параличтер, бастың травмасы, семіздік, артерия және венаның дамымай қалуының нәтижесінде пайда болады.

Фокальды ұстамалардың мүмкін болатын себептері

Орталық жүйке жүйесі

Мидың абсцессі. Ұстамалар абсцесстің жедел сатысында немесе ол кеткеннен кейін болуы мүмкін.

Ми ісігі.  Фокальды ұстамалар ми ісігінің ерте көрінісі болуы мүмкін. Инсульт 50 жастан асқан адамдарда фокальды ұстамалардың басты себебі болып табылады. Ұстама инсультты өткергеннен кейін 6 айдан кейін болуы мүмкін.

Бастың травмасы. Кезкелген бастың жарақаты ұстаманы шақыруы мүмкін, бірақ енетін жарақаттар фронтальды ұстамаларды жиі шақырады. Мұндай ұстамалар жарақаттан кейін 3- 15 айдан кейін дамиды.

Шашыраңқы склероз. Сирек жағдайларда бұл ауру фокальды ұстамалардан басталады. Сондайақ жалпы ұстамалар болуы мүмкін.

Нейрофиброматоз. Мидың көптеген зақымданулары фокальды ұстамаларды шақыруы мүмкін, уақыт өте келе жалпы ұстамаларды да.

Саркоидоз. Көптеген зақымданулар бұл ауру кезінде фокальды және жалпы ұстамаларды шақыра отырып миды зақымдайды.

Қолданылған әдебиеттер

Виктор М., Роппер А. Х. Руководство по неврологии по Адамсу и Виктору : учеб. пособие для системы послевуз. проф. образования врачей / Морис Виктор, Аллан Х. Роппер; науч. ред. В. А. Парфенов; пер. с англ. под ред. Н. Н. Яхно. — 7-е изд. — М.: Мед. информ. агентство, 2006. — 677 с. — ISBN 5-89481-275-5

РозенбахРозенбах, Павел Яковлевич П. Я.Розенбах, Павел Яковлевич, Эпилепсияs:ЭСБЕ/Эпилепсия // Энциклопедический словарь Брокгауза и Энциклопедический словарь Брокгауза и ЕфронаЕфронаЭнциклопедический словарь Брокгауза и Ефрона: В 86 томах (82 т. и 4 доп.). — СПб., 1890—1907.



Толық нұсқасын 30 секундтан кейін жүктей аласыз!!!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу