👈 қаріп өлшемі 👉

Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.


Сабақтың тақырыбы:

9. Қазақтардың 1812 жылғы Ресейдің Отан соғысына қатысуы.

Соғыс қарсаңында Ресейге іргелес жатқан Орынбор арқылы қазақтардың сауда, шаруашылық байланыстары біршама жолға қойылды.

Наполеон армиясымен соғыста атты әскер ерекше рөл атқарды.

Бұл қазақтардан жылқы сатып алуды жылдан – жылға молайта түсуді қажет етті.

1804 – 1815 жылдары Кіші жүз қазақтарынан 1 мыңнан астам, ал Кіші (Бөкей) ордадан 48 мыңға жуық жылқы сатып алынды.

Қазақтар орыс емес ұлттардан құралған әскери құрамаларда, башқұрт, қалмақ және басқа халықтар өкілдерімен бірге Наполеонға қарсы Отан соғысына қатысты.

Сан жағынан қазақтар Орынбор полктерінде, әсіресе Орал казактарының әскери топтарында көп болды.

Орынбор губерниясында

40 кавалериялық полк құрылды.

2

тептяр

5

орынборлық

28

башқұрт

1799 жыл мен ХІХ ғасырдың отызыншы жылдары арасында Ресей жеріне Орта жүзден 1200 шаңырақ қоныс аударды.

Орынбор шекаралық комиссиясының мәліметіне қарағанда, 1790 – 1815 жылдары 1226 жергілікті қазақтар өз қоныстарын тастап, башқұрт болып жазылған, солардың 68-і осыған сай құқықтармен теңестірілген.

Кіші жүз тұрғындарының 20 мыңнан астам азамат өз мекен –жайларын тастап, Орын-бор шекаралақ шебіне өткен.

1812 жылы 6 шілдеде Ресей мемлекетіне соғыс қаупі төніп келе жатқандығы туралы І Александр патшаның арнайы манифест –үндеуі қабылданды.

Ел азаматтары Отанды қорғауға шақырылды.

Манифест түрлі халықтар тіліне де аударылды.

Орынбор губернаторы Г.С.Волоконскийдің

Ресей мен Франция арасында соғыс басталғандығы туралы хабары ауылдарға

1812 жылғы қазан – қараша айларында жетті.

Қазақ елі арасында орыс халқын қолдап, жауға қарсы күш жұмылдыруға шақырған, екі ел достығы рухын көтеруге ат салысқандардың бірі – старшын Байсақал Тілекұлы еді.

Елтон тұз өндіру орнының еңбеккерлері батыс майданға бір миллион пұт тұз жөнелтті.

Ресей үкіметі тұзды жіберілген жерге жеткізу үшін сұлтандардан көлік бөлуді талап етті.

Мыңдаған қазақтар ат – арбаға тиелген тұзды Еділ жағасына тиісті мерзімінде жеткізуге тырысты.

Тұз өндіруші қазақтар 22 мың сом ақша жинады.

Өскемен, Обь, Крутоберезов болыстарында бірнеше әскери бөлімдер ұйымдастырылды.

Қазақ жігіттері орыс әскері сапында соғыстың әуелгі кезінен бастап шетел жорықтарына дейін қатысты.

Соғыс қарсаңында олар Ертіс әскери шебінде, Бұқтырмадан Омбы бекіністеріне дейін орналасты.


Материалдың толық нұсқасын қалай жүктеймін?

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Қарап көріңіз 👇



Жаңалықтар:
» Ұстаздардың жұмысын жеңілдететін жаңа платформа іске қосылды 20.10.2021, 0
» Баспана бағасы тағы қымбаттай ма - сарапшылар болжамы 12.10.2021, 0
» Жастарға баспана: жеңілдетілген бағдарлама шарттары айтылды 09.10.2021, 0

Пікір жазу



Келесі мақала, жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы