Бүкіл жамандықтардың басы

Бүкіл жамандықтардың басы

Бір ретінде хазреті Осман исламды енді қабылдап мәртебеленген бір қауымға былай деп насихат айтады:
    «Ей адамдар! Арақ ішуден сақ болыңдар. Еш күмәнсыз арақ бүкіл жамандықтардың анасы болып табылады. Бір замандарда сендерден бұрынғы қауымдардың бірінде бір салих (жақсы) кісі болады. Өте көп ғибадат ететін. Бір күні бір ауылдан өтіп бара жатып жаман әйелге кезігеді. Әйел бір сылтаулармен оны алдап үйіне кіргізеді. Іште кішкентай бала және бір ыдыста арақ бар еді. Жаман ниетті әйел салих кісіні ішке кіргізіп, есікті жақсылап құлптағаннан кейін ниетін жайып салады: “Не менімен бірге боласың, не арақ ішесің немесе мына баланы өлтіресің. Бұлардың бірін істемейінше бұл жерден шықпайсың. Әйтпесе айғайлап, байбалам шығарып үйіме кіріп мені зорламақшы болды деймін. Олай еместігін ешкімге сендіре алмайсың! Сенің масқараңды шығарамын” дейді. Қара ниетті әйелдің бұл қорқытуынан кейін әлгі кісі ойланып өз-өзіне “Зина істей алмаймын. Баланы да өлтіре алмаймын. Олай болса жеңіл өтетін күнәні, арақты ішейін, кейін тәубе етемін” дейді де арақтан аздап ішеді. Біраздан кейін басы айнала бастайды. Әйел тағы құйып береді. Әне-міне дегенше жақсылап мас болып арақтың берген шәһуатымен әйелмен зина етеді. Кейін көргендерін айтып қояр деп баланы да өлтіреді.
    Ей адамдар! Көргеніміздей арақ адамға ең жаман нәрселерді жасатады. Сондықтан арақтан өте ұзақ болыңдар. Өйткені арақ бүкіл жамандықтардың негізі. Аллаһқа ант етіп айтамын адамның көңілінде арақпен иманның бірге тұруы қиын. Арақты іше келе уақыт өтуімен арақ ішу үйреншікті, қалыпты жағдайға айналады. Сондықтан бірінің келуімен екіншісінің ол жерден кетуінен қорқылады!»  


Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Ұқсас мақалалар:
» Жабылмаған есік
» Марапат
» Сый ақы
» Батаменен ел көгерер...
» Желден жүкті болып, бір сағаттан кейін бала босанған келіншек жұртты шошытты
» Жаспын, әдемімін, бірақ...
» Тән сұлулығы емес жан сұлулығы маңызды

Іздеп көріңіз:

Жаңалықтар:
» Игрок 1xBet выиграл более 2 миллионов долларов на экспрессе из 44 событий 15.04.2021, 1
» 2021 жылы пітір садақа мөлшері 420 теңге болып белгіленді (фото) 04.04.2021, 0
» Алматыда жоқ көлік үшін алдын-ала төлем алған жігіт ұсталды 02.04.2021, 0

Пікір жазу



Келесі мақала жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы