» » » Өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Беташар)

Өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Беташар)

Өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Беташар) казакша Өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Беташар) на казахском языке
Келін күйеудің үйіне келгенде, сәлем салып отырады. Күйеудің туғандары, ағайындары бәрі отырады. Онан соң бір кісі ағаштың басына бір асыл бұйым шүберек байлап алып шығып отырып, келіннің басындағы бүркенген желегін көтеріп, бетін ашып, былайша өлең айтады:

Айт, айт, келін, айт, келін,
Атыңның басын тарт, келін!
Сауысқаннан сақ, келін,
Жұмыртқадан ақ келін!
Кер биенің-құлыншақ,
Салбыраған тұлымшақ.
Алдыңғы түйең- итіншек,
Артқы түйең тартыншақ.
«Алдыңғы түйең- итіншек!» - деп
Бетке соқпа, келіншек!
«Артқы түйең тартыншақ!» - деп,
Басқа соқпа, келіншек!
Шу-шу болар, шу болар ,
Құлағыңды бері сал,
Асылыңды кері сал!
Ата-енеңмен ұрыссып,
Қақаңдама, келіншек!
Үй артына мал келсе,
Бақаңдама, келіншек!
Таңертең тұрып, келіншек!
Құрт ұрлама, келіншек!
Өзің жатып, байыңды
«Тұр-тұрлама!» -, келіншек!
Аузы- мұрның сүйреңдеп,
Өсек айтпа, келіншек!
Қайын ағаңның алдынан
Кесіп өтпе, келіншек!
Сары етігің салпылдап,
Сазды баспа, келіншек!
Сауыр етігің шойқаңдап,
Тоғай кезбе, келіншек!
Көн етігің көрпілдеп ,
Ауыл кезбе, келіншек!
Жаулығың тік шошаңдап ,
Бұзау қорыма, келіншек!
Атаң ақыл үйретсе,
Адырайма, келіншек!
Енең ақыл үйретсе,
Едірейме, келіншек!
«Абысыным жақсы!» - деп,
Сырыңды айтпа, келіншек!
«Қайындарым жақсы!» - деп,
Қойныңа алма, келіншек!
Келін, келін (келіңіз) көріңіз,
Көрімдігін беріңіз!
Ала-кұла демеңіз,
Түсін айтып қойыңыз,
Жылқы берсең, көктен бер,
Өзі жүйрік беріктей бер!
Қайын атаға бір сәлем!
Түйе берсең, тайлақ бер,
Мұрындығын сайлап бер!
Түйе берсең, ақтан бер,
Өсеріне бақтан бер!
Қайын енеге бір сәлем!
Сиыр берсең қарадан,
Сірә да өлмес жарадан.
Қайын ағаға бір сәлем!
Қойды берсең, қоңырдан,
Өсеріне оңдыдан ,
Абысынға бір сәлем!
Ешкі берсең, сарыдан,
Құлақ шыдамас-дауысының зарынан,
Қайын ініге бір сәлем!
Мүйізі пышаққа сап болар,
Терісі бұтка қап болар,
Бұты толған бұлақ болар,
Іші толған лақ болар,
Ақтылы қойды айдаған,
Алалы жылқы байлаған,
Осы жанның үлкені-
Атасы, саған бір сәлем!
- Мінгенде атың боз ғана,
Жорғасы бар аз ғана,
Таналы моншақ таққалы,
Тұңғышы болсын қыз ғана!
Есіктің алды терек-ті,
Қатындар тоқыр өрмекті,
Барған жылы ұл тапсаң,
Құдайдың берген ермек-ті!
Арғымақ келер аяңдап ,
Ақырын сөйле баяндап.
Қой келеді жыбырлап,
Ақырын сөйле сыбырлап!
Қойды берсең ағынан,
Өсер-өспес боғынан!
Мінгенде атың жиренше,
Ойнақтап тұрар мінгенше.
Сірә да, мауқың басылмас
Әлдилеп бала сүйгенше!
Ақ түйең татырауда,
Ақ тайлақ жатыр матауда.
Қыз игенде (екен де) қысылдың
Мейлінше ойпа отауда!
Есіктің алды ақ балық
Ақ балық еті қақталық.
Орамал берсең барша бер,
Елге барып мақталық!
Есіктің алды ақ балық
Ақ балық етін қақталық.
Орамал берсең, бөзден бер,
Шыға беріп боқталық!

Автор: ZHARAR | 43 |


Загрузка...

KZ / Қазақша Өлеңдер жинағы, мәшһүр жүсіп көпеев Беташар өлең стихи на казахском машхур жусуп копеев казакша олен, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңдері, стихи на казахском языке машхур жусуп копеев, машхур жусуп копеев олендери, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңі, мәшһүр жүсіп көпеев өлеңі, мәшһүр жүсіп көпейұлы өлеңдері, машхур жусуп копеев казакша, машхур жусуп копеев стихи, машхур жусуп копеев стихи на казахском языке, Беташар, беташар туралы өлең, мәшһүр жүсіп көпеев Беташар өлең стихи на казахском машхур жусуп копеев казакша олен мәшһүр жүсіп көпеев өлеңдері стихи на казахском языке машхур жусуп копеев беташар туралы өлең, Өлең: Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы (Беташар) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке