Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Бұл кім?) » ZHARAR © 2017 | әбділда тәжібаев Бұл кім өлең олен абдильда тажибаев стихи на казахском, әбділда тәжібаев өлеңдері, абдильда тажибаев олендери, абдильда тажибаев стихи на казахском, Бұл кім




  • »

Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Бұл кім?)

Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Бұл кім?) казакша Қазақша өлең: Әбділда Тәжібаев (Бұл кім?) на казахском языке

Осы бір тыным таппас елгезектік
Білмеппін көп сырларын, елемеппін.
Әншейін, пысық қана, адал жан деп,
Кейде оның дегеніне көне кеттім.
Ізденгіш жаңалығын астананың,
Құптағыш үлкендердің бастағанын,
Ішінде кәрілердің кәдешіл-ақ,
Айтады жас тобында жастар әнін.
Жаюлы дастарқаны мейманына,
Әдебі әжептәуір сыйлары да.
Ағаға семіз бағлан басын тартып,
Жеткізер іні қолын сирағына.
Адамның бәрімен дос бағы барда.
Көрінер тым бауырмал жағынарда.
Шаттығын шабыттанған жасыра алмас,
Арада араздык от жағыларда.
Көрмеген бітім айтып өмірінде,
Атану аралық дос жеңіл мүлде.
Қоштаса қошеметтеп күндіз оны,
Табады кешке мұның көңілін де.
Бағып тұр көргіш көзі алыстарды,
Танып тұр алысқанды, жарысқанды;
Күтіп тұр құлағанын биіктердің,
Тілеп тұр жылағанын таныстардың.

1957


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 82
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .