Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Отырған қарсы алдымда әдемі қыз) » ZHARAR © 2017 | ақтан керейұлы Отырған қарсы алдымда әдемі қыз өлең стихи на казахском актан керейулы казакша олен, ақтан керейұлы өлеңдері, стихи на казахском языке актан керейулы, актан керейулы олендери, Отырған қарсы алдымда әдемі қыз




  • »

Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Отырған қарсы алдымда әдемі қыз)

Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Отырған қарсы алдымда әдемі қыз) казакша Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Отырған қарсы алдымда әдемі қыз) на казахском языке

Отырған қарсы алдымда әдемі қыз,
Мөрлеген ақ қағаздай мәнеріңіз.
Қиғаш қас, оймақ ауыз, нәркес көзді -
Жалғанда жайнап тұрған әдемі жүз.
Сөз болса, қалқам, сізге бізден бұйым,
Бұйымың біздей жанға болмас қиын.
Өзіңдей пұл білерлік болмаса ару,
Жаманның керегі жоқ жалғыз тиын.
Көңілге медеу тұттық елде көріп.
Зауық еттік ойын - күлкі пелде көріп.
Жүргенде қыдырысып ойнап-күліп,
Жылқыдай кеттің, досым, желдеп өріп.
Сұңқылдап бір жар едің ұшқан қаздай,
Сол күнде ләп көтерген айттық назды - ай.
Бел байлап ашықтыққа жүрген едік,
Айдында көл шайқаған дауылпаздай.
Барасың күнім қапы көл шайқаған,
Баянсыз, жалған, сені кім байқаған?!
Дүние сіз кеткенде болар сағым,
Көп жүріс ақбөкендей жер сойқаған.
Жамандық жақсы болмас көнгенменен,
Жақсыға мұрадың ғасыл ергенменен.
Қаражан, көңілдесім, құрметтесім.
Бейшара болдың бірдей өлгенменен.
Үдеріп елім көшті Барқыт құмға,
Қаражан, қайда кеттің, халқың мұнда?
Сен кеттің бір жат елге бауыр басып,
Мен қалдым баулы құстай талпындым да.
Кетіпті бөліп жігін күзгі Табын,
Өксіген айрыларда құлан қағын.
Барасың қолдан кетіп, құрметтесім,
Қош, аман, енді сау тұр, боз қаңбағым.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 50
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .