Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Аққулар көркем көрінер) » ZHARAR © 2016 | ақтан керейұлы Аққулар көркем көрінер өлең стихи на казахском актан керейулы казакша олен, ақтан керейұлы өлеңдері, стихи на казахском языке актан керейулы, актан керейулы олендери, Аққулар көркем көрінер




  • »

Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Аққулар көркем көрінер)

Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Аққулар көркем көрінер) казакша Қазақша өлең: Ақтан Керейұлы (Аққулар көркем көрінер) на казахском языке

Аққулар көркем көрінер
Айдын шалқар көлдегі.
Құралайдың балдары,
Бұл да көркем көрінер
Орғып қашқан шөлдегі.
Қатарланған қалың көш,
Бұл да көркем көрінер
Сағым шалған белдегі.
Қыз, жігіт көркем көрінер
Қалың дара елдегі.
Аруанадан туған кез өркеш,
Бұл да көркем көрінер
Айт - айт деген жердегі.
Қыз бала көркем көрінер
Беттегі нұрлы қанменен...
Еділ көркем көрінер
Жағалай біткен талменен.
Арғымақ көркем көрінер
Өкпе, бауыр, жалменен.
Жиналып келген көпшілік,
Аз айтты деп сөкпендер,
Еркінше даусым шықпады,
Осылай айттым жайменен.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 120
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .