![]() |
|
![]() |
Фариза Оңғарсынова (Жұрт мені қатал дейді)

Жұрт мені қатал дейді
найзағайдай мінезі шатырлаған,
біреулері айтады ақыл маған:
өркөкірек, тәкаппар, менменсіген...
ұнатпайды дәл мұндай ақынды адам
(одан сайын мен шіркін қатуланам).
Біреулер қиялдайды:
мұндай адам ешкімді сүйе алмайды;
өтірік өлең жазады талықсыған,
қайдан ғана бал сезім таныс бұған?
(Түсініксіз қалпыммен байғұстарды
ойларымен өздерін алыстырам).
Біреудің жаны ашиды:
ол ақын ғой өзгеше, дара сыйлы:
ал ақындар сезеді барлығын да,
ақылды да болады, данасиды.
Жастар жара түспеген жанына әлі
түсінгендей жанымды табынады;
менің асқақ ән мұңды жырларымды
іздеуі хақ солардың, сағынары...
Мен кешпеген дүние жоқ екенін
сезеді олар. Сезеді бәрі-бәрі.
Мен солай көрінемін,
Жер секілді құбылтқан өмір өңін.
Міз бақпайтын адамдай жүре берем,
күйіп-жанып жатса да төңірегім.
Білмейді жұрт (білмесін көңіл емін)
Менің барлық бал қылық, нәзіктігім
сенің ғана алдыңда төгілерін!
найзағайдай мінезі шатырлаған,
біреулері айтады ақыл маған:
өркөкірек, тәкаппар, менменсіген...
ұнатпайды дәл мұндай ақынды адам
(одан сайын мен шіркін қатуланам).
Біреулер қиялдайды:
мұндай адам ешкімді сүйе алмайды;
өтірік өлең жазады талықсыған,
қайдан ғана бал сезім таныс бұған?
(Түсініксіз қалпыммен байғұстарды
ойларымен өздерін алыстырам).
Біреудің жаны ашиды:
ол ақын ғой өзгеше, дара сыйлы:
ал ақындар сезеді барлығын да,
ақылды да болады, данасиды.
Жастар жара түспеген жанына әлі
түсінгендей жанымды табынады;
менің асқақ ән мұңды жырларымды
іздеуі хақ солардың, сағынары...
Мен кешпеген дүние жоқ екенін
сезеді олар. Сезеді бәрі-бәрі.
Мен солай көрінемін,
Жер секілді құбылтқан өмір өңін.
Міз бақпайтын адамдай жүре берем,
күйіп-жанып жатса да төңірегім.
Білмейді жұрт (білмесін көңіл емін)
Менің барлық бал қылық, нәзіктігім
сенің ғана алдыңда төгілерін!
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» «Елімізде ескі несиелер кешіріледі»: министрлік өзгерістерді түсіндірді. 27.07.2022
» Кәрім Мәсімовтың шетелдегі 3 млн доллары елге қайтарылды 19.07.2022
» Түркістандық өртеніп жатқан ғимараттың төбесінен туды алып шықты 19.07.2022
Ілмектер: фариза оңғарсынова Жұрт мені қатал дейді өлең стихи на казахском фариза онгарсынова казакша олен, фариза оңғарсынова өлеңдері сайты, стихи на казахском языке фариза онгарсынова, фариза онгарсынова олендери, фариза оңғарсынова өлеңі, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза оңғарсынова өлеңдер, фариза онгарсынова стихи, фариза онгарсынова стихи на казахском языке, фариза унгарсынова стихи на казахском, Жұрт мені қатал дейді