Бақытгүл Бабаш (Досым еді кеше - Мұң....)

 Бақытгүл Бабаш (Досым еді кеше - Мұң....)

Досым еді кеше - Мұң.
Тұтқынымын сен келмейтін қаланың.
Сен жүрмейтін көшенің
Және есіктің сен ешқашан ашпайтын.
Тағдырымды мен де бір күн тастаймын,
Елең қылмай елдің күңкіл - өсегін,
Жапырақтың жанарына көшемін.
Досым бүгін – Жел ғана.
Өзге әлемді көзіме де ілмеймін.
Ән салады ол тереземнің сыртынан.
Кімнен сені қызғанамын, білмеймін,
Жанымды жеп қойды әйтеуір бір күмән...
Ескі досым – Естелік,
Екеумізді төгіп отыр кесте қып.
...Мен бір күні кетемін бұл шаһардан,
Таусылады татар дәм.
Ұшам көкке – қап-қара гүл қолымда,
Қап-қара мұң... Жел тұрады жолымда...
Жаным, сонда бейітіме келме сен.
Бұл қалаға көрсетпеші жасыңды!
Жүрегіңде жыр қып қана тербе сен,
Көрмей-ақ қой менің құлпытасымды.
Жалын қылып жанымның бар арайын,
Жанарында жапырақтың,
Сосын сенің Жүрегіңде,
Жүрегіңде қалайын...

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?