Қазақша өлең: Ерлан Жүніс («Гүләнда» кітап дүкенінде) » ZHARAR © 2017 | ерлан жүніс Гүләнда кітап дүкенінде өлең стихи на казахском языке ерлан жунис казакша олен, ерлан жүніс өлеңдері, стихи на казахском языке ерлан жунис, ерлан жунис казакша олендер, Гүләнда кітап дүкенінде




  • »

Қазақша өлең: Ерлан Жүніс («Гүләнда» кітап дүкенінде)

Қазақша өлең: Ерлан Жүніс («Гүләнда» кітап дүкенінде) казакша Қазақша өлең: Ерлан Жүніс («Гүләнда» кітап дүкенінде) на казахском языке

Алматы.
Қыркүйек.
Кеш.
Кітап дүкені.
«Қожайын, сағатқа қарама!»
Түсінем, оны үйі күтеді...
Ал менің шыққым жоқ далаға.
Қалада көңілдің боп жатыр қай тойы,
Гүлдердің иісі жоқ қалалық!...
Ол жақта даурыққан білгіштер айқайы,
Бұл жерде момақан даналық.
Тәккаппар даналық
Кітаптың ішінде
Жалыққан өзінен.
Мен де ертең дәл осы кітаби пішінде
Осында келемін...
Сезінем.
Қожайын,
Бәрібір келем ғой,
Түсін сен,
О, сонда қыздарға қымбатқа сатасың.
Бүгінгі жақсылығың үшін Сен
Аласың апамның батасын!
Кітаптар сөресі - сұлудың беліндей
Майысқақ,
Ауыр ғой шалдардың салмағы...
Қолдарым - ибалы келіндей
Ұсынған кесені батырмай бармағын,
Мөп-мөлдір аңсар мен ынтаны ұсына
Сипаймын кітапты:
әр сөздің демі
мен
сезінем лүпілін,
жүректің ұшына
шымырлап тұнуын дәуірдің еріген.
Балқиды дәуірлер ойларда ып-ыстық
Ішінде жалғыздың тұрған топ шетінде!
Даналық -
Үнсіздік, тыныштық,
Шыңғырар тек кітап бетінде!
Мұнда да шалдар көп пыстырған жатып іш
Менімен ойнайды:
«Осынша ақымақ, осынша нақұрыс -
Бұл бала біздерге қосылмай қоймайды!»
О,сосын қарайды кемсеңмен
ұғардай
тәккаппар ойлардан.
Ешкімді үңгірден суырып шыға алмай
өздері үңгірге айналған,
Шалдар-ай, сүйемін сендерді
Сезіммен ешкімді сүймеген.
Сендерден үйренсе-ау өлмеуді,
өлуді өзім-ақ үйренем!
Құрдастар көп емес, -
Көкем ой, шеше мұң,
Бәрінде тәңірдің демі бар!
Менде әлі тірі жүр
Мағжан мен Есенин,
Мені әлі білмейді
Борхес пен Элюар!
Ал, Һафез -
Нағашым жырындай,
Тонауға дайынмын қарамай.
Моуләви -
Құпиялы сұлудай,
Дымыңды құртады қарадай.
Асаулар,
бұлғақтар
кешегі
момақан кітапқа қалайша сыйып тұр?
Еседі самал жыр, аңыздар көшеді -
өшеді -
өшкені -
өмірден биік тұр!
Алматы.
Қыркүйек.
Кеш.
Кітап дүкені.
Сыртынан жабамын есігін.
Есіктің сыртында жалғыздық күтеді,
Мен оның жалғыз досымын!..


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 190
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .