Қазақша өлең: Олжас Сүлейменов (Мен таңсықпын...) » ZHARAR © 2017 | олжас сулейменов Мен таңсықпын... туралы олен Олжас Сүлейменов өлең стихи на казахском языке олжас сулейменов, Олжас Сүлейменовтың өлеңі, олжас сулейменов олендери, стихи на казахском языке олжас сулейменов, Мен таңсықпын...




  • »

Қазақша өлең: Олжас Сүлейменов (Мен таңсықпын...)

Қазақша өлең: Олжас Сүлейменов (Мен таңсықпын...) казакша Қазақша өлең: Олжас Сүлейменов (Мен таңсықпын...) на казахском языке

Мен таңсықпын тұяғы мен тұлпардың,
Топшысына қыран бүркіт,
Сұңқардың.
Құмыраның қыл мойны мен
Қылышқа
Қашап жазған қайсар жырға іңкәрмін.
Бақи уақыт,
Бақи тірлік, бақи құм
Құпиясын тосып маған не қилы,
Толық Айды түніменен сөндірмей,
Құс жолынан аспан жырын оқимын
Күн бе?
Түн бе?
Сен оларға бас ұрма?
Өз басыңнан заман сөзін асырма.
Жұлдызы ойнап шыға келсе көктемнің,
Қас қағыс сәт татиды екен ғасырға.
Осы жұлдыз жамбысындай бәйгінің,
Нышаны ол қуанышпен қайғының.
Қай күндері өше қалса ол жалп етіп,
Жарқ етіп ол қайта туар қай күні.
Салмағыңды біледі тек жарық күн,
Сені солай ұғамын, жер, жарықтық....
Қайғылымын
Қашан жалықтырғанша,
Қашан әбден жалыққанша
Ғаріппін.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 1 246
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .