Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Сенбісің) » ZHARAR © 2017 | сырбай мауленов Сенбісің өлең сырбай мәуленов олендери стихи на казахском, сырбай мәуленов өлеңдері, сырбай мәуленов өлеңдер жинағы, сырбай мәуленов олендер жинагы, Сенбісің




  • »

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Сенбісің)

Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Сенбісің) казакша Қазақша өлең: Сырбай Мәуленов (Сенбісің) на казахском языке

Кезімде әлім кетіп қансыраған,
Сенбісің қасыма кеп хал сұраған.
Мен үшін қайғы шегіп өңің қашып,
Көзіңнен ыстық жастар тамшылаған.
Сенбісің қолыңды сап маңдайыма,
Бір жұтым су тамызған таңдайыма,
Басыма жастық қойып, бәйек болып
Қараған күндіз-түні хал-жайыма.
Сенбісің ұзақ түнде серік болған,
Жүрегің мейірбанды нұрға толған.
Өзіңе он есе етіп қайтарар ем,
Дариға, жақсылығың келсе, қолдан.

1943.Госпиталь


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 117
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .