Қазақша өлең: Жұматай Жақыпбаев (Сені көргім...) » ZHARAR © 2017 | жуматай жакыпбаев Сені көргім... стихи на казахском языке казакша олен жұматай жақыпбаев өлең, жұматай жақыпбаев өлеңдері, жуматай жакыпбаев олендери, жуматай жакыпбаев казакша олен олендери




  • »

Қазақша өлең: Жұматай Жақыпбаев (Сені көргім...)

Қазақша өлең: Жұматай Жақыпбаев (Сені көргім...) казакша Қазақша өлең: Жұматай Жақыпбаев (Сені көргім...) на казахском языке

Біраз тілді үйренгем жоқ тегіннен,
Бір кісідей білем барлық мұраны.
Шоң кеңсеге ертең барар едім мен,
Сені көргім келеді де тұрады.

Сағыныштың күш-қайраты неге осы
Мақсатыңды жерге алып ұрады?
Сен жүрген жер секілді бір жер өсі
Сені көргім келеді де тұрады.

Мен таппаған, мен айтпаған сөз қалмай,
Көбейсін деп қазекеңнің жыр-әні,
Дастандарды төгер едім қоғалмай
Сені көргім келеді де тұрады.

Салыңқырап кеттім білем, сірә, мен,
Арақтың да көп қой кесір, ылаңы.
Әр нарсенің басын шатып жылар ем
Сені көргім келеді де тұрады.

Мен нәзікпін, мызғымастай ер емен,
Құлағыма кірмейді елдің ұраны.
Баяғыда-ақ мен атылып өлер ем,
Сені көргім келеді де тұрады.

Таудан көшкін көше ме екен еңселі,
Ерір ме екен ағаштардың сеңсеңі?
Сенің қолың деген қол бар, мен соны,
Соны білгім келеді де тұрады.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 258
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .