Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Жүз жасаған Жамбылға) » ZHARAR © 2017 | кенен әзірбаев Жүз жасаған Жамбылға өлең олен стихи на казахском языке кенен азербаев, кенен әзірбаев өлеңдер жинағы, кенен әзірбаев өлеңдерінің сөзі, Жүз жасаған Жамбылға, Жүз жасаған Жамбылға өлең олен




  • »

Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Жүз жасаған Жамбылға)

Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Жүз жасаған Жамбылға) казакша Қазақша өлең: Кенен Әзірбаев (Жүз жасаған Жамбылға) на казахском языке

Адамға аз жас емес жүз жыл деген,
Қойнына қара жердің кім кірмеген?
Қырық жыл жолдас болған, қайран Жәке,
Сағындым дауысыңды күмбірлеген.

Өлмейтін мен көргенде Күн менен Ай,
Тау мен тас, дариялар, өзен мен сай.
Жаңғыртып Алатауды кете бердің,
Қош, қайыр, атағы зор Жамбыл атай.

Еңбегі елге сіңген ер өлмейді,
Әлемнің бәрін жұтып жер өлмейді.
Артында сөзі қалды тарих болып,
Атағы алып ата тегі өлмейді.

Алдымды, артымды да жарылқа деп,
Сүйінбай, Сарыбасқа еріп текті.
Аруағы Алатаудай қайран Жәкем,
Төстіктей қара жерге сыйып кетті.

Боп жатыр әрі асың, әрі тойың,
Үй тігіп, бие байлап, сойып қойын.
Жиналып он бес одақ, түрлі ұлт,
Ат шауып, көкпар тартып, түрлі ойын.

Артыңда ұрпақтарың ақын, әнші,
Көрсетіп күйші-биші, артист ойын.
Жазушы, жас ақындар қызмет етіп,
Жоқталмай қалған жер жоқ тұла бойың.

Балуан сайыс, айтыспен бәрі қызып,
Қыз қуып, бүркіт салып, іліп тиын.
Балалар қырдан төмен жарысады,
Ұшып келе жатқандай бейне құйын.

Кең дала тартушы еді кеңдігімен,
Туған жұрт сүйіндірді елдігімен.
Жақындап біз де келдік жол аузына,
Бұл өмір өтпей қалар енді кімнен?


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 485
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .