![]() |
|
![]() |
Мағжан Жұмабаев (Көбелек)

Отқа ұшар көбелек,
Қарамай, сорлы, алды-артын.
Ойына кіріп-шықпайды
Күйдірер деп от-жалын.
Шырқ айналып ентелеп
Жүрер де, бір уақ ол қонар.
Ұмтылған оты сорлыны
Күйдірер де, тез тынар.
Құрбылар, іске бет алсақ,
Ойламай қанат қақпалық,
Анау жарық - алтын деп,
Көрінгенге шаппалық!
Желімен кетсек қанаттың,
Көбелектей күйерміз.
Алам деп алтын барғанда,
Күлден кебін киерміз.
Қарамай, сорлы, алды-артын.
Ойына кіріп-шықпайды
Күйдірер деп от-жалын.
Шырқ айналып ентелеп
Жүрер де, бір уақ ол қонар.
Ұмтылған оты сорлыны
Күйдірер де, тез тынар.
Құрбылар, іске бет алсақ,
Ойламай қанат қақпалық,
Анау жарық - алтын деп,
Көрінгенге шаппалық!
Желімен кетсек қанаттың,
Көбелектей күйерміз.
Алам деп алтын барғанда,
Күлден кебін киерміз.
Кейінірек оқу үшін сақтап қойыңыз:
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
![]() |
Қарап көріңіз 👇
Жаңалықтар:
» Қазақстанда қайырымдылық саласындағы тұлғаларға арнайы атақ беріледі 17.06.2022
» “Қорықпай Солтүстік өңірге көшуге шақырамын”: Солтүстіктен пәтер алған отбасылар алғысын білдірді 12.06.2022
» МӘМС бойынша жеңілдікке ие 15 санаттың тізімі белгілі болды 12.06.2022
Ілмектер: мағжан жұмабаев Көбелек өлең олен магжан жумабаев стихи на казахском, мағжан жұмабаев өлең олен стих, стихи магжан жумабаев на казахском языке, казакша олен магжан жумабаев, мағжан жұмабаев өлеңдері, магжан жумабаев олендери на казахском языке, магжан жумабаев стихи на казахском языке, Көбелек