Қазақша өлең: Мұзафар Әлімбаев (Туыс тілек) » ZHARAR © 2016 | музафар алимбаев Туыс тілек олен стихи казахском мұзафар әлімбаев өлең, мұзафар әлімбаев өлеңдері, мұзафар әлімбаевтың өлеңдер жинағы, музафар алимбаев олендери казакша, музафар алимбаев стихи казахском языке, Туыс тілек, Туыс тілек туралы өлең олен стих на казахском




  • »

Қазақша өлең: Мұзафар Әлімбаев (Туыс тілек)

Қазақша өлең: Мұзафар Әлімбаев (Туыс тілек) казакша Қазақша өлең: Мұзафар Әлімбаев (Туыс тілек) на казахском языке

Білетін сыйлата да, сыйласа да
Ақжарқын жақсы жеңге, қимас аға!
Армандай күттік қанша осы күнді,
Күтті оны бізбен бірге бұл босаға!
Қуаныш қорыққанмен шыны бірдей:
Жүрдік пе шын қуаныш сырын білмей?!
"Тіфа!" деп айтайыншы, кез тимесін,
Қарашы келін гүлдей, ұлың дүрдей.
Мүбәрәк көп тілеуін қайталайын,
Тағдыры ұзағынан сүйіндіргей.
Екі жас бақыт құшсын ғұмыр бойы
Тап осы той күнгідей, бүгінгідей.
"Келіннің,- депті қазақ,- аяғынан",
Бұ сөзге нанады қарт, нанады ұлан.
Бір әзіл қосқым келді өлеңіме:
Әзілде оғаштық жоқ баяғыдан!
Қозыдай төгіп берсін көктемдегі
Келіннің ұл сорғалап балағынан.
Жаңылсын ғазиз ата, ардақ әже
Немере, шөберенің санағынан!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 421
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .