Қазақша өлең: Олжас Отар (Аруларды жігіттер аялайық!) » ZHARAR © 2016 | Олжас Отар Аруларды жігіттер аялайық өлең олен Олжас Отар стихи на казахском, Олжас Отар өлеңдері, стихи на казахском языке, казакша олендер, қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно, Аруларды жігіттер аялайық




  • »

Қазақша өлең: Олжас Отар (Аруларды жігіттер аялайық!)

Қазақша өлең: Олжас Отар (Аруларды жігіттер аялайық!) казакша Қазақша өлең: Олжас Отар (Аруларды жігіттер аялайық!) на казахском языке

Аруларды жігіттер аялайық.
Бар жақсыны олардан аямайық.
Қыз сыйлаған қазақтың баласы едік,
Қадірлерін білмесек болар айып.

Табиғат іңкәрлікті қызға арнады.
Құштар-ау сұлулыққа қыздар жаны.
Құлпырып көздің жауын алатұғын,
Қыздар деген, жігіттің ізгі арманы.

Сері жігіт кешегі қайда халық.
Бара жатыр бүгінде майдаланып.
Сұлу көрсе сұмдық-ай сұқтанады,
Қалсақ деп бір оларды пайдаланып.

Уа, жігіттер ермейік әр елеске.
Ең керегі адамға ар емес пе?
Түсінсеңдер бәріңнің үйлеріңде,
Анаң, әпкең, қарындас бар емес пе?


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 96
Рейтинг:
(голосов: 0)
. .