Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Тойға шақыру) » ZHARAR © 2016 | ғабиден қожахмет Тойға шақыру өлең олен стихи на казахском, габиден кожахмет өлең олен стихи на казахском, ғабиден қожахмет, габиден кожахмет олен




  • »

Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Тойға шақыру)

Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Тойға шақыру) казакша Қазақша өлең: Ғабиден Қожахмет (Тойға шақыру) на казахском языке

Сезiм жолы сан мәрте сыналғанда,
Өмiр сыйын ұсынды бұларға да.
Бүгiн, мiне, қос ғашық қос аққу боп,
Сапар шектi бақытқа бiр арнада.

Шымылдығы шаттықтың түрілді де,
Естіртті ән ғып өмірдің үнін күле.
Қол ұстасқан қос ғашық сол әнді айтып,
Жарасыммен ортада бүгін, міне.

Оларға өмір той гүлін тақты мына,
Бағыт алды жұбайлар бақ қырына.
Кел, ендеше, куә бол, ағайын, дос,
Екi жастың бас қосқан шаттығына.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 336
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

. .