Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (9 наурыз) » ZHARAR © 2016 | акберен елгезек 9 наурыз өлең стих олен ақберен елгезек өлең, ақберен елгезек өлеңдері , ақберен елгезек сайты , акберен елгезек сайты олен стих,акберен елгезек стихи на казахском




  • »

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (9 наурыз)

Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (9 наурыз) казакша Қазақша өлең: Ақберен Елгезек (9 наурыз) на казахском языке

Кешегі гүл – бүгінгі мұң,
Көңіл гүлдей қурап қапты.
Ауасында бүгінгінің,
Жауабы жоқ сұрақ қапты.

Саған гүлді тарту еттім,
Сұрағам жоқ мұңды бірақ.
Ай қарайды жарты бетті -
Аспандағы түнгі шырақ...

Көктің бүгін қабағынан,
Қоштасуды білейін бе?
Гүлдің жасыл сабағынан,
Жебе жасап көрейін бе?

Ашытып у күлтесінен,
Ішіп соны өлейін бе?
Балауыз шам білтесінен,
Асылар жіп өрейін бе?

Әлде мүлде, сені ұмытып,
Тағдырыма көнейін бе?
Біреу отыр сені күтіп,
Сенбейін бе, сенейін бе?...


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 401
Рейтинг:
(голосов: 0)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .