Заманға наз

 Заманға наз

Жақсы ақын дейді көзі жоқ Мұқағалиды,
Шерменде жүрек ,өткенді ойлап налиды,
Заманым мынау,адамың анау құбыжық,
Атадан қалған бейітке төбет сариды.

Абайдың сөзі оқылмай жатыр әліде,
Кінәлі заман дейміз ғой біздер бәріне,
Заманға қарап оянбай қалар санамыз,
Кешікпей енді тігейік көзді әріге.

Қазағым деді Шәкәрім, Абай, Мұхтарда,
Бастаған көшті елі ғой солар жүкті арба,
Жөн сілтеп кеткен солардың рухы дей алам,
Жол салған айға қазақтың ұлы Тоқтарда

Өлгеннен соң теңеп жүрміз асылдарға,
Кінә тағып,сырғып өткен ғасырларға,
Жырын оқып,құрмет көрсет тым болмаса,
Жырлап өткен,жел маядай ақындарға.

Шын мықтыны көзі барда бағалайық,
Осал өңшең еріккенге санамайық,
Жақсының жақсысын айт нұры тассын,
Тектілерден төл тарихты тағалайық.

Кешегі өткен саңлақтар,елді жырлап,
Қазағымның басына болды бір бақ,
Тілім,дінім,жерім деп жаны шығып,
Көкейдегі кетпедіме шерді тырнап!

Мақала ұнаса, бөлісіңіз:


Ұқсас мақалалар:
» Ұлы Абай арқылы ғашық болдым (оқушы шығармашылығынан)
» Туған жерге тарту
» Сағыныш Намазшамова (Көктем боп жырлап өтт ақын)
» Жылыой деп жүрек жырлайды!
» Қиын заман
» Күләш Ахметова (Қуан жүрек!)
» Фариза Оңғарсынова (Сунақтың сұлу қыздары)

Іздеп көріңіз:

Жаңалықтар:
» 2021 жылы пітір садақа мөлшері 420 теңге болып белгіленді (фото) 04.04.2021, 0
» Алматыда жоқ көлік үшін алдын-ала төлем алған жігіт ұсталды 02.04.2021, 0
» "Дәл мені ұстағысы келді ме": Мейрамханада ұсталған Қайрат Нұртас оқиғаға пікір білдірді 26.03.2021, 2

Келесі мақала жүктелуде...
Біз cookie файлдарын пайдаланамыз!
Біздің сайтты пайдалануды жалғастыра отырып, сіз сайттың дұрыс жұмыс істеуін қамтамасыз ететін cookie файлдарын өңдеуге келісім бересіз.
Жақсы