Естеу Нүсіпбеков (Ақ жүрек әріптес аз бір қалыпты)

 Естеу Нүсіпбеков (Ақ жүрек әріптес аз бір қалыпты)

Ақ жүрек әріптес аз бір қалыпты.
Әркімде ақ жем қақтырар шырға мықты.
Тік тұрар төбе шашың, жүрек айнып,
Көргенде сырғақ жүріс зырлауықты.

Қасыңда ол, тасың өрге домаласа.
Мәртебе, мереке — сен оған қоса.
Жүреді жинасып та жүген-ноқта,
Атыңды аржақтан кеп доғаласа.

Сүйектен ет алады соқта-соқта,
Әр айтқан «ағатайы» — алдау ноқта.
Көлеңкең болып жүрсе пайдаң барда,
Қарасын көрсетпейді ол пайдаң жоқта.

Аң-таңсың: бар ма, жоқ па намыс, ары?!
Әр күні әр етекке жабысады.
Бірде өзі бас жарғызған басбұзармен
Ал ертең ауыз жалап табысады.

Бұл күні ол басқа достың жүр соңында
Еркі емес пе, тарынып ұрсамын ба?!
Алайда зәресі жоқ қалай сақтап
Портфелін сатып алған бір соғымға.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Су тасқынынан зардап шеккендерге қосымша тағы 553 мың теңге төленеді
» Елімізде TikTok желісі бұғатталуы мүмкін бе?
» Елімізде су тасқынынан зардап шеккендердің қандай мүліктеріне өтемақы төленеді?