Cәбит Мұқанов (Шарқ ұрып жүргенімде, көкте ұшып)

 Cәбит Мұқанов (Шарқ ұрып жүргенімде, көкте ұшып)

Шарқ ұрып жүргенімде, көкте ұшып,
Көктің мөлдір сәулесін судай ішіп,
Қарадым бір заманда жер жүзіне
Ойыма туысқаным - адам түсіп.
Байқасам, әлі де көп жылағандар,
Жәрдемді еркіндерден сұрағандар.
Өзі қожа, басқаны құлы қылып,
Бауырын езгілеген адамдар бар. •
Көкке мен өрлеймін бұдан арман,
Маған серік адамдар кейін қалған,
Қызыққа берілудің сәні бар ма,
Жылаған кете барып бауырлардан.
Қайтайын, аралайын соның бәрін,
Қырайын адамзаттың азғындарын,
Әперіп теңдіктерін қолдарына,
Уатып, қуантайын жылағанын.
Менің өмірім күрестің нағыз іші,
Сыналатын заман бұл ердің күші,
Күрессіз көктің қазір керегі жоқ,
Көңлімнің күрес қана қуанышы.

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!