» » » Өлең: Фариза Оңғарсынова (Ер-тұрман)

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Ер-тұрман)

Өлең: Фариза Оңғарсынова (Ер-тұрман) казакша Өлең: Фариза Оңғарсынова (Ер-тұрман) на казахском языке
Өртейді бір өкініш жиі мені…
Киіз үй. Мекеніміз қиыр еді.
Анамның алданышы, сүйінері –
әкемнің ер-тұрманын күніне бір
тазалап, қайта-қайта иіледі.
Көзінің тірісінде қайран әкем
қастерлеп қадір тұтқан бұйымы еді.
Қырда едік, көп жайлардан жырақта едік.
Мен жүрдім ер-тұрманды мұрат көріп.
Үзеңгі күмістеген, күміс жүген,
соқтырған Сәрсен шалға құр ат беріп.
Әкемді сағынғанда, ер-тұрманын
сипалап отырушы ем жылап келіп.
Күміспен бағдарлаған өмілдірік,
қараушы ем құйысқанға өңім жібіп.
Тоқымы тобылғы түс былғарыдан,
тұрғандай, шылбырды алсам, қолымда үміт.
Шап айыл, төс айылды шірей тартып,
жүйрікпен жол тартатын көңіл-жігіт.
От тұяқ кең даланы дүбірлетіп,
терлікті терге малар со күнді күт!
Көңілімде бір сыр жатты жанға айтылмай,
сол сырмен әке үмітін жалғайтындай
сезіндім, атқа мінсем әкеміздің
шаң басып ер-тұрманын қалмайтындай.
Сол тұлпар, тізгін тартсаң, қаршылдатып
шайнайды ауыздығын таңдай тынбай.
Мұз шатқал, тау-тасты да тұлпар тұяқ
тағасыз тіліп өтіп самғайтындай!
Соғыстан соңғы кезең, жүдеткен ең,
нан тапшы, қуыршақ жоқ, тірек те кем…
Жанашыр, мейірімді еді адам біткен,
сол ғана аш қарынға, жүрекке де ем.
Түндерде жүйрік мініп, қиял қуып,
қараумен ер-тоқымға күн өткерем,
ат мініп, адам болып, әке арманын
жалғасам деген жалғыз тілекпенен.
Әкеміз елге сыйлы кісі еді арлы,
білмейтін жағынуды, күш-амалды.
Әкенің абыройын оранып ап,
кешпедік жетім күйді, құса-зарды.
Бір күні сәске түсте үйімізге
сау етіп төрт-бес атты түсе қалды.
Басқарма! Танитын жұрт оны тегі,
қаһарлы дейтін жүрген жолы пері.
Олардың айтуынша, ауылдағы
жүйрік ат, асыл бұйым соныкі еді.
Қадалды анамызға Құрман кенет:
«Бар қазақ ата салтын қылған медет:
ағаның ер-тұрманын мен ұстайын,
не пайда үйде босқа тұрғанда», - деп.
Жылады, шырылдады анам көнбей,
мен тұрдым сөз айтуға шамам келмей.
Әкетті ер-тұрманды.
Біз қосылып
жыладық әкем сонда жаңа өлгендей.
Сол күні әкеміздің қосын керіп
бір құйын ойрандады тосын келіп.
Жыл-ұршық зырылдады. Біз әйтеуір
ошағын әкеміздің өшірмедік.
Өмірдің бұл да заңды күйі ме еді…
Ойласам, жанымды жел үйіреді.
Сол күнгі жасты, ызаны кішкене қыз
кішкене жүрегіне түйіп еді.
Сол күннен басталған-ды оның және
шарасыз күйден күйреп, күйінері.
Мен сонда дертті болдым. Сол дертімнің
өмірде табылуы қиын емі.
Өртейді өкінішім жиі мені.
Әкемнің көзіндей бір бұйымы еді

Автор: nurgul95 | 167 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Фариза Оңғарсынова (Оқырманға)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Фариза Оңғарсынова (Оқырманға)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен сені жүретінмін мақтан көріп)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен сені жүретінмін мақтан көріп)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Телефоны құрғырың үндемеді)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Телефоны құрғырың үндемеді)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Қадалып, іштей тамсана)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Қадалып, іштей тамсана)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Шаттану)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Шаттану)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Көңілің ауасындай тымық қырдың)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Көңілің ауасындай тымық қырдың)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Табылмай бір керім жігіт)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Табылмай бір керім жігіт)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен сонда жылап қалғам)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Мен сонда жылап қалғам)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Ат мінсем, құйындатып)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Ат мінсем, құйындатып)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Қасаңсып кеткен кезімде)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Қасаңсып кеткен кезімде)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Туған жер)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Туған жер)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Анамен қоштасу)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Анамен қоштасу)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Келе жатам әрі мұңды, әрі асқақ - сезсең мені)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Келе жатам әрі мұңды, әрі асқақ - сезсең мені)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жанталасып мені шын ұмытсам деп жүрсің сен)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Жанталасып мені шын ұмытсам деп жүрсің сен)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Анама)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Анама)
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Би алаңында)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Фариза Оңғарсынова (Би алаңында)

KZ / Өлеңдер жинағы, фариза оңғарсынова Ер-тұрман өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша, фариза оңғарсынова өлеңдері, фариза онгарсынова олендери, фариза онгарсынова стихи на казахском, Ер-тұрман, фариза оңғарсынова Ер-тұрман өлең стихи на казахском фариза онгарсынова олен казакша фариза оңғарсынова өлеңдері фариза онгарсынова олендери фариза онгарсынова стихи на казахском Ер-тұрман, Өлең: Фариза Оңғарсынова (Ер-тұрман) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке