» » » Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қорқыттың сарыны)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қорқыттың сарыны)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қорқыттың сарыны) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қорқыттың сарыны) на казахском языке
Кешегi кеткен Ер Қорқыт
Кейiнгi жанға болды ұмыт‚
Сарынын соның салайын,
Ескi әуез демей құлақ тұт.
Аңғармай кетпе арынмен.

Қобызбен Қорқыт сарнаған‚
Болмады жерi бармаған.
Мұңлы әнмен өмiр суреттеп‚
Сол әнiн саған арнаған‚
Ашулы, зарлы сарынмен.

Қорқыт – түбi түрiк, қалмақ‚
Ойы – өмiр мен өлiм жайын әнге дәл салмақ.
Ол ән аяғын сөзсiз сарынмен,
Шер тарқатыпты зарлап.

Басында жырмен бастаған‚
Екi рет жырлап тастаған.
Аяғын әнмен шырқатып‚
Бiр ауыз сөздi қоспаған.

Әсерлi үнмен толғаған‚
Сол әндi ойым ұнады‚
Зарласам көңiлiм тынады‚
Сарынға өлең салдым мен‚
Түп-түгел сөз боп шығады.

Көрiндi түзу сол маған‚
Жасқа ұнамайды сарын.
Қайдан бiледi ол кәрiлерде не сыр, ой барын.
Жат құлағына жастың мұндай ән‚
Ол сезе ала ма нәрiн?

Бұл әнге өлең салғаным –
Бұрыннан ойдағы арманым.
Сарнайтын мұны бақсы жоқ,
Жек көрдiм ұмыт қалғанын.

Ескiден қалған бiр жұрнақ
Жақпаса қойсын жастарға.
Жырлаймын ойлы мастарға,
Мен өлсем‚ сарын жоғалар,
Қимадым көмiп тастарға.

Сондықтан айтқан бұл жұмбақ сарын
Тез жайылар бойға.
Айдап түсiрер сен бiлмеген тiптi жат ойға.
Жын бақсыларға келер сондықтан,
Жас жиналғандай тойға.

Сарынға жастар салмасын,
Арам жын келiп қалмасын.
Таза ақыл табам деп жүрiп,
Абыройын жойып алмасын.

Сақ болсын сонан жастарым,
Хақиқат жолға бас ұр да,
Арақ іш әуел басында,
Мас бол да шақыр таза жын.
Ол дайын болар қасыңда,
Шақырма iшпей мастарың.

Байқа, ал, шақырам жынды,
Ойла тереңнен, ненi iшемiн, шақырам мен кiмдi?
Ол адамдыққа менi жеткiзер,
Сол жояды шер-мұңды.

Алып кел арақ тазасын
Денеме нұры тарасын.
Ұйқыдан әбден оятып,
Жаралы жүрек жамасын.
Мас болмай кiрмес ақылым‚

Қойқаптан қозғал‚ жындарым.
Тауып кел iстiң шындарын‚
Хақиқат айтсам адамға,
Бiлмеймiн кiмнiң тыңдарын?
Сынайын терiс‚ мақұлын,

Берi кел, тотсыз асыл айнам.
Бiлдiр анығын‚ не хақиқат, не жөн, не пайдам?
Сал тура жолға менi, жетекшiм,
Бұл – сынасатын майдан.

Бақсымын жырлап сарнаған,
Денем жоқ әсер бармаған.
Мидағы жыным‚ түгел кел,
Хақиқат iске арнаған!

Басайын қобыз пернесiн!
Монтаны талай мұндар бар.
Нәпсiге ерген сұмдар бар,
Адамды аңша аулатқан.
Алдамшы, арсыз жындар бар,
Ондайлар маған келмесiн.

Олар – жәдiгөйлер жайтаң,
Ойды улатып‚ көздi байлап жүрген қу сайтан.
Сол Хақиқатты айтам!

Автор: nurgul95 | 204 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жар көрмеген надандар)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жар көрмеген надандар)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қорқыт Қожа Хафиз түсіме енді де)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қорқыт Қожа Хафиз түсіме енді де)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өмір сырын көздесең)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өмір сырын көздесең)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өмір үйін тұрғызам деп)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өмір үйін тұрғызам деп)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ойдан шығарылған бар түрлі әндерім)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ойдан шығарылған бар түрлі әндерім)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сұраған жанға сәлем айт)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Сұраған жанға сәлем айт)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тауық неге шақырар сағат сайын)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Тауық неге шақырар сағат сайын)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жылым – қой жұлдызым – июль)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Жылым – қой жұлдызым – июль)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Көңіл)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Көңіл)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Көңіл)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Көңіл)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақылдың жауабы)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақылдың жауабы)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақылдан ойға сыр тарап...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ақылдан ойға сыр тарап...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Анадан алғаш туғанымда...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Анадан алғаш туғанымда...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ажал, маған арақ берсең...)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Ажал, маған арақ берсең...)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өмір)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өмір)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Бұл ән бұрынғы әннен өзгерек)

KZ / Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы Қорқыттың сарыны өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Қорқыттың сарыны, шәкәрім құдайбердіұлы Қорқыттың сарыны өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері шакарим кудайбердиулы олендери шакарим кудайбердиулы стихи на казахском Қорқыттың сарыны, Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қорқыттың сарыны) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке