» » » Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қаншыр мен бөдене)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қаншыр мен бөдене)

Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қаншыр мен бөдене) казакша Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қаншыр мен бөдене) на казахском языке
Бір қаншырға айтыпты бөдене кеп:
Сен үшін қатты уайым қыламын,– деп,–
Солаңдаған байғұсың ұшуға олақ,
Бір күні кетеді ғой тұрымтай жеп?

Қаншыр айтты:– Қаупім жоқ тұрымтайдан,
Шықпаймын қалың қамыс, қопа-сайдан.
Мен сендей жалтаң жерге оттамаймын,
Тығылған соң мені алып жейді қайдан?

Бөдене айтты: – Қамысың тыныс емес,
Босқа арықтап жүргенің дұрыс емес.
Айламен-ақ алғызбай кетіп жүрміз,
Тұрымтайың біздерге жұмыс емес.

Жүз құбылып, қуланып, жылпалақтап,
Таңырқатты қаншырды өзін мақтап:
«Тілімді алсаң, екеуміз дос болайық,
Маған ерсең, жүрейін жаудан сақтап».

Аңқау сорлы бір қудан алды сабақ,
Бөденемен дос қылды құлқын тамақ.
Жау міндеті мойнында бөдененің,
Екеуі емін-еркін қырда оттамақ.

Қыраңға шығып алып оттап жүрді,
Бетегелі мырғайға әбден кірді.
Тегінде бөдененің айтқаны рас,
Тарлауға жайылған соң шын семірді.

Бір қырға шығып еді оттай-оттай,
Бырқырап келе жатыр бір тұрымтай.
Бөдене көре салып бұға қойып,
Қаншырға хабар қылды бұқ деп ойбай.

Жалма-жан бұға қалды қаншыр батыр,
Жер еді панасыздау шөпсіз тақыр.
Екеуі тырп етпестен жатса-дағы,
Тұрымтай тұпа-тура келе жатыр!

Бөдене әр айланы көп ойлады,
Бір түрлі сол арада еп ойлады.
«Тұрымтай соны көріп алып кетсін,
Қаншырды ұшырайын» –деп ойлады:

Қойыпты бұл тұрымтай бізді көріп,
Мен қашсам, кетер едім бір бұлт беріп.
Сен ертерек қашпасаң құтылмайсың,
Бұл сені алып жейді тура келіп.

Мендей тарғыл емессің, барандаусың,
Қыбырлап, тыныш жатпай алаңдайсың.
Ерте ұшып бір қамысқа тығылып бақ,
Бұл жерде жатып аман қала алмайсың.

Аңдамай алдауға еріп қаншыр ұшты,
Тұрымтай оны көріп тым құнысты.
Қанатының қаққаны көзге ілінбей,
Адым жерге жібермей қағып түсті.

Бөдене ұшып, жыпылдап, кетті алысқа,
Дос болыңыз осындай алдамышқа.
Қасындағы қаншырды қанға бояп,
Өзі барып тығылды бір қамысқа.

Қамыста жатып алды қылмай қауіп,
Құтылды досын беріп, айла тауып.
Қонғанын бөдененің көрген біреу,
Жүгіртіп сол араға келді шауып.

Бөдене жатыр еді қыбыр етпей,
Қарап жүр шыр айналып, көзі жетпей.
Ат басып бөденені жаншып кетті,
Жазасын о да тартты аман кетпей.

Жігіттер, осы сөзге құлағың сал,
Басыңда миың болса, мұны ұғып қал.
Алды-артын ойламаған аңқау менен
Алдампаз арам достан ғибрат ал

Автор: nurgul95 | 100 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қоршаған ортаны танып білемін Түлкі мен бөдене (2 сынып, IV тоқсан )
Қысқа мерзімді сабақ жоспары [ҚМЖ] жинағы
Қазақ тілінен сабақ жоспары: Қоршаған ортаны танып білемін Түлкі мен бөдене (2 сынып, IV тоқсан )
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қасқыр түлкі бөдене)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қасқыр түлкі бөдене)
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Криз патша)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Криз патша)
Өлең: Кенен Әзірбаев (Кененнің Бөдене және Шәйнек деген жеңгелерімен әзіл қағысы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Кенен Әзірбаев (Кененнің Бөдене және Шәйнек деген жеңгелерімен әзіл қағысы)
Бөдене жұмыртқасының пайдасы туралы
Пайдалы кеңес жинағы
Бөдене жұмыртқасының пайдасы туралы
Бөдене жұмыртқасының пайдасы туралы
Пайдалы кеңес жинағы
Бөдене жұмыртқасының пайдасы туралы
Ертегі: Түлкі мен бөдене
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Түлкі мен бөдене
Ертегі: Бөдененің құйрығы неге қысқа
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Бөдененің құйрығы неге қысқа
Ертегі: Бөдененің құйрығы неге келте
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Бөдененің құйрығы неге келте
Ертегі: Қалайша шиебөрі жолбарысты алдады
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Қалайша шиебөрі жолбарысты алдады
Ертегі: Бөдененің түлкіні тойғызуы
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Бөдененің түлкіні тойғызуы
Ертегі: Аңшы
Қазақ халық ертегілер жинағы
Ертегі: Аңшы
Қазақша ертегі: Түлкі мен Бөдене
Қазақ халық ертегілер жинағы
Қазақша ертегі: Түлкі мен Бөдене
Қазақша ертегі: Түлкі
Қазақ халық ертегілер жинағы
Қазақша ертегі: Түлкі
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Атадан қалған ақ сауыт)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Атадан қалған ақ сауыт)
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өмір)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Өмір)

KZ / Өлеңдер жинағы, шәкәрім құдайбердіұлы Қаншыр мен бөдене өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша, шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері, шакарим кудайбердиулы олендери, шакарим кудайбердиулы стихи на казахском, Қаншыр мен бөдене, шәкәрім құдайбердіұлы Қаншыр мен бөдене өлең стихи на казахском шакарим кудайбердиулы олен казакша шәкәрім құдайбердіұлы өлеңдері шакарим кудайбердиулы олендери шакарим кудайбердиулы стихи на казахском Қаншыр мен бөдене, Өлең: Шәкәрім Құдайбердіұлы (Қаншыр мен бөдене) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке