» » » Өлең: Қадыр Мырза Али (Айна алдындағы ару)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Айна алдындағы ару)

Өлең: Қадыр Мырза Али (Айна алдындағы ару) казакша Өлең: Қадыр Мырза Али (Айна алдындағы ару) на казахском языке
Айнадағы ажарына арайлы
Айдай ару ұзақ-ұзақ қарайды.
Асқар таудан ақтарылған өзендей
Ағын шашын алдына алып тарайды.
Жәрдем сұрап жырдың сырлы досынан,
Жасырмаймын,
Сөз таба алмай тосылам,
Сұлу десең сұлу енді,
Табиғат
Бар өнерін салса керек осыған!
Оған тіпті сөз тозаңы жұқпайды,
Оның туын ешбір көңіл жықпайды.
Құмар көздер
Қарашыл ат сияқты
Көрген жерде айналшықтап шықпайды.
Анық! Анық!
Ердің естен танары!
Арманыңның асқарындай анары.
Қарау үшін —
Көңілі емес жігіттің —
Керек саған суретшінің жанары!
Басынан ол өткерсе де бал айды,
Ақылынан адастырар талайды.
Балалық па,
Қысылса да,
Басқаның
Қызғанышпен қарағанын қалайды.
Оңашада
Айдай сұлу арайлы
Ағын шашын алдына алып тарайды.
Өзге түгіл,
Өзіне-өзі
Жұрт толы
Театрдың көзіменен қарайды

Автор: nurgul95 | 105 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, қадыр мырза али Айна алдындағы ару өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша, қадыр мырза али өлеңдері, кадыр мырза али олендери, кадыр мырза али стихи на казахском, Айна алдындағы ару, қадыр мырза али Айна алдындағы ару өлең стихи на казахском кадыр мырза али олен казакша қадыр мырза али өлеңдері кадыр мырза али олендери кадыр мырза али стихи на казахском Айна алдындағы ару, Өлең: Қадыр Мырза Али (Айна алдындағы ару) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке