» » » Өлең: Күләш Ахметова (Арғымақ)

Өлең: Күләш Ахметова (Арғымақ)

Өлең: Күләш Ахметова (Арғымақ) казакша Өлең: Күләш Ахметова (Арғымақ) на казахском языке
Құлан жылқы зауытында туған әсер
Көз қадамай өте алмайтын әркім-ақ,
Тұрпатымен көре қалған жанға ұнап,
Тұлпарларды өсіретін заводта
Тұрды ерекше сүлік қара арғымақ!
Жасаған-ай, әрі жомарт, әрі ұста!
Дүлдүл тұқым даңқы кеткен алысқа.
Жануар-ай, жабығады байлауда,
Теңдесімен қосар ма еді жарысқа.
Тарпаң күйі шапши-шапши кермеде,
Текті күлік қатысады көрмеге.
Тағат таппай асфальт жерді тарпиды,
Тайбурылдай зауламайды ол неге?
Шақырады көрмелерге астана,
Тіфә-тіфә! Көз қадасын дос қана!..
Жоңышқаға еңкейгенде, дөңгелер
Қос глобус — маңдайдағы қос тана.
Шыдамайсың мұңына қос шырақтың,
Тұңғиыққа тұрғандай-ау құлап түн.
Тұрысы — осы! Тұнған өлең — жанары,
Атасы — асыл, енесі — зат пырақтың!
Жылқықұмар жан болған соң бұрылдық,
Кейде қиын жұмыр жерде жүру нық.
Жүрмейді екен, жүзеді екен жұлдызша,
Жалт-жұлт еткен жербетілік сұлулық!
Қоян жақтан табылмайды қырым ет,
Көз тоймайды қарасаңыз мың рет!
Сұсты қабақ, кең сауырлы, сүмбіл жал,
Сурет қылып жаратқандай құдірет!
Еркің қалмай қол создың ба таңдана,
Бетін тақап, еміренеді сәл ғана ...
Сезеді өзін аңсап, күтіп жатқанын
Жазиралы, жазық төсті кең дала!
Кереметке қарап қайран қаласыз,
Кеңдік керек тұяқтарға тағасыз.
Арғымақсыз бір күйі кем даланың,
Арғымақ та көсіле алмас даласыз.
Бетон қора. Қалай, қайда қарғымақ?
Қоштасарда ғажап мұңмен ән құрап,
Жанарына сұм жалғанды сыйғызып,
Қарап қалды-ау қара сүлік арғымақ.
* * *
Қай мезгілдің, қай әлемнің, қай елдің,
Қараңдаршы жүріп өткен жолына:
Азаматқа серік болған әйелдің,
Дүниеге көрік болған әйелдің,
Толғақ қысып, бала туған әйелдің,
Бейнет үшін жаратылған әйелдің
Оған қоса қалам ұстап қолына,
Илхам кешіп ықтиярлы кеңесте
Жыр жазғаны бір ғаламат емес пе?
* * *
Заманымнан мынаны мен аңғардым:
Күн нұры мен мейірімнің мол күшін
Табиғаттан үйіп алған жандардың,
Жүрегіне құйып алған жандардың,
Бейбіт күнге себеп болған жандардың,
Ұлы істерге көмек болған жандардың
Мүмкіндігін, бүкіл сұлу болмысын
Жамандықтан қорғап алса Ер кісі,
Мұның өзі — парасаттың белгісі!
* * *
Шүкір, шүкір деймін мен,
Жазғырып жанды көрмеппін.
Анаға лайық мейіріммен
Қол созып бесік тербеттім.
Гүлдеген кезде шиелер,
Астында нөсер, бұршақтың.
Асқар тауым деп сүйенер,
Өлеңім, саған мұң шақтым.
Ақ түтек басқан ақпанда
Бастым мен алға зорға адым.
Дауылдардан да, даттан да
Өлеңім, өзің қорғадың.
Мін көрдім маздап жанбауды,
Қызыл қан неге ұйысын?!
Тағдырыма тиген таңдаулы,
Тәңірдің тәжді сыйысың.
Өкініштеріме өзім құн,
Төледім жанды теңселтіп.
Адалдығы үшін Сөзімнің,
Елімнің алдында еңсем тік!
* * *
Жалғыз қалай, гүл болсам,
Жайнамақпын ?
Бұлбұл болсам,
Кім үшін сайрамақпын?!
Құс құсымен
жарасар,
гүл гүлімен.
Жалғыз мықты болсам деп ойламаппын.
Ең күшті ақын мен болып қазақтағы,
Жарыспасам ешкіммен — азап-тағы.
Көптігімен әдемі қыстың қары,
Жапырақтармен әдемі жаз аптабы.
Шын жүйріктер болмаса қатарында,
Жетім тартар даңқың да, атағың да.
Тұлпарлардың дүбірі тынбаса екен
Менің туған даламда,
Отанымда!
* * *
Бір уақыт ортайғаным түк етпес,
Жап-жас болып қартайғаным түк етпес,
Менің жайнап жүруіме
Ішінен
Біреу болса жер бетінде тілектес.
Кейбіреудің елемеуі түк етпес,
Мейірімге бөлемеуі түк етпес.
Аман болса екі жұлдыз ерекше,
Менің қиын бақытыма тілектес.
Қызғанбаймын тұстастарым болса озық,
Түк етпес-ау көтерсем де қанша жүк.
Жұрт ішінде абайсызда сүрінсем,
Жүгіретін біреу болса қол созып!
* * *
Мезгілмен де сырластым, араймен де,
Өзенмен де үндестім, тоғаймен де.
Ақ қағаздың бетіне жұлдыз шашып,
Махаббатымды жеткіздім қалай да елге!
Сырымды орап ақ қағаз арасына,
Жырым жетер туған ел даласына.
Бесік жырын шығардым балама арнап,
Басқа ана да айтсын деп баласына.
Қанат қағып,
Сыймаймын үйге, міне,
Өкінбеймін өртеніп, күйгеніме.
Сезімімді көркемдеп, бейнеледім,
Айтуы үшін арулар сүйгеніне.
Аяғам жоқ өлеңнен жанымды түк,
Жасын шумақ шығардым жалын жұтып.
Ізгілікке үйреттім інілерді,
Табиғатты жырладым тамылжытып.
* * *
Қайдасың, жап-жас күнім, жайсаң күнім,
Қалайша бүгін мұндай байсалдымын?
Азайтып асылдарын алғандай ма
Сезімім
Қазынаға бай сандығым?
Мен енді кешегідей жас емеспін,
Қолыммен қызыл шоқты көсемеспін.
Қорықпай қызыл шоқтан қызғалдақтай
Келеді соңымда бір әсем өскін.
Қызығам, тілектеспін мен соларға,
Дем берер солар маған шаршағанда.
Іздеймін жас толқыннан жарқын серпін,
Алтын нұр Алатауды қоршағанда

Автор: nurgul95 | 145 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Күләш Ахметова (Зерде)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Зерде)
Өлең: Күләш Ахметова (Суреткер)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Суреткер)
Өлең: Күләш Ахметова (Мұхит)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Мұхит)
Өлең: Күләш Ахметова (Әпке)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Әпке)
Өлең: Күләш Ахметова (Құс қайтқанда)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Құс қайтқанда)
Өлең: Күләш Ахметова (Келісімдер)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Келісімдер)
Өлең: Күләш Ахметова (Башқұртстанға барғанда)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Башқұртстанға барғанда)
Өлең: Күләш Ахметова (Пәк табиғат таратып)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Пәк табиғат таратып)
Қазақша өлең: Шалкиіз Тіленшіұлы (Арғымақ ару атлар сескенсе)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шалкиіз Тіленшіұлы (Арғымақ ару атлар сескенсе)
Қазақша өлең: Бұқар жырау (Қара арғымақ арыса)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Бұқар жырау (Қара арғымақ арыса)
Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Қазақстаным)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Қазақстаным)
Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Азан)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Азан)
Қазақша өлең: Шерхан Талап (Гүлдер әлемінің патшайымы)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шерхан Талап (Гүлдер әлемінің патшайымы)
Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Арғымақ ат кімде жоқ)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Шал ақын Тілеуке Құлекеұлы (Арғымақ ат кімде жоқ)
Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Жан дала – жәннат дала)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Күләш Ахметова (Жан дала – жәннат дала)
Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Түрлі тойым)
Өлеңдер жинағы
Қазақша өлең: Естеу Нүсіпбеков (Түрлі тойым)

KZ / Өлеңдер жинағы, күлаш ахметова Арғымақ өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күлаш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Арғымақ, күлаш ахметова Арғымақ өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша күлаш ахметова өлеңдері кулаш ахметова олендери кулаш ахметова стихи на казахском Арғымақ, Өлең: Күләш Ахметова (Арғымақ) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке