Қарашық


О, менің маңдайдағы бозаң қырым,

Термеп ем мен өзіңннен тозаң гүлін.

Сендегі ең, ең алып махаббатты

Ақтамай ұяттан өліп, бозарды кім?!

 

Ғасырлар өлтірмеген асқақтығын,

Тұрғандай елдің көшін бастап бүгін.

Шақырып балалығым өзіндегі

Сағыныш мені өлтіріп тастапты мың.

 

Жұтылып өр деміне кетер едім,

Бақыт деп мен оны да көтеремін.

Мұрныма жусан иісі келе қалса

Туған жер мені өзіңе жетеледін.

 

Жазылмай жара тұрма жанарында?

Көрсетпей жас боп жерге тамарында.

Әжемнің ақ әжімі қарсы алады

Күлімдеп мен өзіңе барарымда.

 

Жаһанның алдын ба екен бар асылын?

Тәкәппар, кербез біткен дара шыным,

Бағың боп топырағыннан өбем қашан?

Тәңірден тамып түскен қарашығым.

 

Асылай Қайрошқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
Пікір жазу

Ілмектер: өлең, қарашық