» » » Өлең: Күләш Ахметова (Пәк табиғат таратып)

Өлең: Күләш Ахметова (Пәк табиғат таратып)

Өлең: Күләш Ахметова (Пәк табиғат таратып) казакша Өлең: Күләш Ахметова (Пәк табиғат таратып) на казахском языке
Пәк табиғат таратып бар асылды
Жәудір жанар гүлдердің бәрі ашылды.
Әр маусымның өзіндік бояуы бар
Өр бояудың әні бар жарасымды.
Көп тырналар көкте айтып өтті арманын,
Қараңызшы той іздеп топталғанын.
Тілейді жер бұл жазда былтырғыдан
Жапырақ пен жаңбырдың көп болғанын.
Қайран көңіл, әрнеге елең еттің.
Сыршыл жүрек, көргенді өлең еттің.
Сұлулық та — мықтылық
Көрдіңіз бе,
Әйбат гүлге қонғанын көбелектің!
* * *
Соқты да тағдыр — жел еппен,
Айналды тамшы жасқа шық.
Үзіліп түсіп кенеттен
Жапырақ ұшты теректен
Жапырақтармен қоштасып.
Соғады самал есіле,
Жапырақ — жүрек дүрсілдеп...
Күзгі бақтың төсіне
Таңертеңменен несіне
Ілініп қалған бұл сурет?!
* * *
Қар борайды
Ақ қайың қамығады.
Қайрылмаған көктемін сағынады.
Ал адамдар өтуде өз ойымен
Қайыңды ойлап қайғырып не қылады?
Мына жұртты мазалап заттар бөтен,
Елемейді жамылса ақ қар мекен.
Табиғатты адамдар сақтамаса,
Пәк табиғат адамды сақтар ма екен?
Қар борап тұр.
Көк бүршік өлер енді.
Көктем келсе;
Көрсетіп мол өнерді.
Өлең айтып билейтін ақ қайыңға
Қайта-қайта қарағым келе берді

Автор: nurgul95 | 147 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Қалижан Бекқожин (Шет өлкеде жат елде)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Қалижан Бекқожин (Шет өлкеде жат елде)
Өлең: Күләш Ахметова (Қуан жүрек!)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Қуан жүрек!)
Өлең: Күләш Ахметова (Күн шыққанда күліп оян)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Күн шыққанда күліп оян)
Өлең: Күләш Ахметова (Көктем көк теректер)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Көктем көк теректер)
Өлең: Күләш Ахметова (Ақпан айы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Ақпан айы)
Өлең: Күләш Ахметова ("Соңғы хабар")
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова ("Соңғы хабар")
Өлең: Күләш Ахметова (Көгілдір кештерінде Көкшетаудың)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Көгілдір кештерінде Көкшетаудың)
Өлең: Күләш Ахметова (Ауылды аңсағанда)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Ауылды аңсағанда)
Өлең: Күләш Ахметова (Алатау)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Алатау)
Өлең: Күләш Ахметова (Қар жауып тұр қалада)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Қар жауып тұр қалада)
Өлең: Күләш Ахметова (Балкондағы гүл мұңы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Балкондағы гүл мұңы)
Өлең: Күләш Ахметова (Жапырақ — жаздың жүрегі)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Жапырақ — жаздың жүрегі)
Өлең: Күләш Ахметова (Көктем Көктеректер)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Көктем Көктеректер)
Өлең: Күләш Ахметова (Табиғат даусы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Күләш Ахметова (Табиғат даусы)
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Түнгі табиғат)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Мұқағали Мақатаев (Түнгі табиғат)
Эссе: Табиғат пен адам өмірі бірлікте
Шығармалар жинағы
Эссе: Табиғат пен адам өмірі бірлікте

KZ / Өлеңдер жинағы, күләш ахметова Пәк табиғат таратып өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша, күләш ахметова өлеңдері, кулаш ахметова олендери, кулаш ахметова стихи на казахском, Пәк табиғат таратып, күләш ахметова Пәк табиғат таратып өлең стихи на казахском кулаш ахметова олен казакша күләш ахметова өлеңдері кулаш ахметова олендери кулаш ахметова стихи на казахском Пәк табиғат таратып, Өлең: Күләш Ахметова (Пәк табиғат таратып) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке