» » » Өлең: Жамбыл Жабаев (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің сессиясын ашардағы үш орденді халық ақыны депутат Жамбыл Жабаевтың сөзі)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің сессиясын ашардағы үш орденді халық ақыны депутат Жамбыл Жабаевтың сөзі)

Өлең: Жамбыл Жабаев (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің сессиясын ашардағы үш орденді халық ақыны депутат Жамбыл Жабаевтың сөзі) казакша Өлең: Жамбыл Жабаев (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің сессиясын ашардағы үш орденді халық ақыны депутат Жамбыл Жабаевтың сөзі) на казахском языке
О жолдастар, жолдастар!
Асыл тастан шығады,
Ақыл жастан шығады.
Әділдіктің түрлері,
Әдемі заман гүлдеді,
Сталин соққан бесіктен
Өрбіп өскен кіл жастар.
Тоқсан үште жасы бар,
Алатаудай шашы бар,
Өмірі жас, жасы қарт
Жамбылменен құрдастар.
Жарлығымен халықтың,
Жамбыл қартың сөз бастар.
О, жолдастар, жолдастар!
Шешен кісі сөз бастар,
Адал кісі ел бастар,
Адал туған ұл болсаң,
Ленин менен Сталиндей
Халық сүйіп қолға ұстар.
Төрт миллион халық қалаған,
Қалауына жараған,
Адал ұл деп балаған,
Жолдасым—балам—жан
достар,
О, балалар, балалар!
Баланы баулып өсірген,
Сталиндей дана бар.
Ырыстың шалқып шалқары,
Кенеліп өскен дала бар,
Іргесі құрыш ақ маржан
Көркем салған қала бар,
Көкейге сөнбес шам жаққан,
Қаулап өскен сана бар;
Маркс—Ленин ғылымы
Тынықтан аққан саға бар,
Көксеген бақыт бар адам,
Сол араны жағалар,
Арыған ел азаптан
Сол арнадан нәр алар.
Өрісі ұзын ол арна
Әлемді түгел аралар,
Оған бөгет болатын
Қандай дәуде шама бар?
Тоқсан үштен жас асып,
Жүзге келдім сағалап,
Талай суық күн өтті,
Жанымды қасқыр қамалап,
Халқым болды тоғайым,
Жан сақтаған паналап,
Домбырам болды ермегім
Қоршаласа жамағат,
Күн қақтаған тулақтай
Арық атты сабалап,
Жетпіс екі жыл өтті,
Даланы кезіп аралап,
Жетісудай жас көрдім.
Ағып жатқан сорғалап,
Қамауда тұрған бас көрдім,
Көгендеген қоралап.
Сырықсыз үйдей сықырлап
Ел отырды — тобалап,
Бай отырды құдайсып,
Өрге тасы домалап.
Аш-жалаңаш ел азып,
Реңсіз дала кұлазып,
Өтті, кетті ескі күй
Айтамын оған лағанат!
Көрсін әлем бүгінгі
Шырайы жанған түрімді,
Алатауым, даламның,
Ұлы байтақ Одағым,
Сыпырған қанау бұғауын
Еркін өскен адамның,
Сырын сырлап кім жетер,
Жырын жырлап кім жетер,
Сталиндік заманның.
Коммунистік қоғамның,
Орғып шапқан машина
Құлынындай құланның,
Құдірет салған құлыптың
Күл-талқанын шығардым.
Өмір кілті адамда,
Тұтқасындай құманның,
Тетігі соның Сталин,
Шынарындай шынардың,
Көксегенім жаңалық
Мен жаңаға құмармын.
Ел бейнеттен арылды,
Отаным Одақ қарулы,
Ерім алып, жалынды,
Іздегенім табылды;
Hұp көмкерді тауымды,
Көркейтті колхоз ауылды,
Бауы берік достығым,
Қалтыратты жауымды.
Бақыттың ақты дариясы
Тығыншығы алынды,
Қуанды Жамбыл, қуанды.
Сүйікті ұлым, достарым!
Халық өкілі Жамбыл қарт
Ырыс туын ұстадым.
Сталиндік заңымның —
Күні атқан таңымның,
Қозғалысы қанымның,
Рақаты жанымның,
Соны маған сыйлаған
Көсемім, досым Сталин..
Әлем әлем болғалы,
Әлемге адам қонғалы,
Атқан болар талай таң,
Өткен болар талай жан,
Өмір үшін жасаған
Кім көріпті мұндай заң?!
Жаңа заңды жасаған —
Жаңа өмір мен жаңа адам;
Ескі дүние күркесін,
Күл көмірлі білтесін
Шығарушы күл-талқан.
Халық түгел қатысып,
Адамын қойып қалаған,
Сан бейнеттен арылып,
Ел менен ел достасып,
Сан бұғаудан арылып
Ер ерікті болғанда,
Сан бөлшектен арылып,
Жер ерікті болғанда,
Елменен ел достасып,
Достық қолын ұстасып,
Тең ерікті болғанда,
Сталиндік жаңа заң —
Қоршауы соның ораған.
Жасасын ырыс жаңа заң!
Жасаушы соны дана адам —
Елдің құты Сталин
Жолына жаным садағаң!
Жаса, көркей, жаңа адам,
Халық сүйіп қалаған,
Жасасын халық бақытты
Күннен де жарық заманаң!
Жана заман құрылды,
Жаңадан болды өрнегі,
Ақ түйе қарнын жарғандай
Керегін алды жердегі,
Техниканың тетігі
Көкке көлбей өрледі,
Өрлеген сайын өрістеп,
Өзінің шықты ерлері.
Ерлер шығып жаңадан
Жаңаша болды еңбегі,
Стаханов Алексей,
Стахановшы елдегі,
Техниканы мінгелі,
Жер қыртысын қопарып,
Астынан алды көмбені.
Көк тәңірісі Коккинаки,
Шар боп ұшқан желдегі,
Мыңдап батпан жүгінді
Құс қалтадай теңдеді.
Мұз тәңірісі Папанин
Сегіз ай тұрған сеңдегі,
Одақ атты ұлы Отан
Тірі жаннан сұрасаң,
Кім айта алар аузымен:
«Табиғатты жеңбеді?»
Қисық соққан «құдайдың»
Анайы ісін жөндеді.
Сондықтан оны күллі адам
Гүл ашылған жер деді;
Достар жайды құшағын
Сталин құйған нұр деді,
Суырды жаулар пышағын,
Ұлы тісін басынды,
Желкесін шұқып қасынды,
Ысқырған жылан інінен
Құйрығын бізге сермеді,
ССРО-ның халығы,
Табыстың өлем алыбы,
Жаңадан еңбек қайнады,
Іс басқарған басшымен,
Қағаз жазған хатшымен,
Тау уатқан кеншімен,
Соқа жыртқан қосшымен
Табысында айырма
Артық, кемі қалмады.
Ас адамның арқауы,
Сананың білім шалқары,
Нығайып белін байлады,
Қала, дала теңесіп,
Тел қозыдай тең өсіп,
Ашылды білім майданы.
Театр, клуб үйі бар,
Шырқаған ән, күйі бар,
Сән-салтанат сайраны,
Күннің нұры аққандай,-
Даланы түгел жапқандай,
Ел құлпырып жайнады.
Күнгірт ауыл, кәрі ауыл,
Көзі бар, көңлі көр ауыл,
Орнында жаңа ауыл, —
Ескінің шықты ойраны!
Алтыдан бірін әлемнің
Айтып тұрмын мен саған.
Кәсібі тең жігітпен,
Өлгенді қайта тірілткен.
Сорғалап құйған нұр заман,
Одақ атты Ұлы Отан
Большевиктер бастаған,
Енші бүгін тек саған.
Капиталист айналаң .
Шеңбер болып қоршаған,
Жар астында жау тұрса,
Бейқам жатқан ұйқы арам.
Испан менен Қытайда
Қанды боран бұрқаған.
Жанталасқан жауың бар,
Қасын тіккен ол саған.
Азғын-құзғын адамды —
Үйреншік иттей жұмсаған,
Жасуындай иненің
Жарық тапса қол салған,
Ұмытпас сабақ бұл саған.
Жалағалы жау отыр,
Кілемге түскен күйедей.
Бірақ бізде қорған бар
Бұрандалы шегедей,
Боран аспас төбедей,
Мұз ұнтаған кемедей
Халықтың адал баласы
Бір жүректі денедей,
Ол қорған Қызыл Армия
Ворошилов бастаған
Аяқ аспас өредей...
О, балалар, балалар!
Ақылы кәміл даналар.
Сессияны ашқанда
Айтарлық сөзім және бар:
Ел сайлады, шын сенді
Елдің тұзын ақталық.
Жамбыл деп маған ат берді",
Сөнуге қалған қартты алып, —
Сессияны ашуға,
Право берді көп халық,
Сталиндік заң қосқан
Міндетті тұрмын атқарыл.
Бүгін тағы жасардым
Құрметке ұлы шаттанып.
Барша адамның қамқоры,
Даналардың ең зоры,
Жеткенінше қызыл тіл,
Арна боп ақсын асыл жыр,
Сталинді мақталық!
Жаңа заң ерік бергенде,
Тоқсан үшке келгенде,
Қазақстан елінің,
Ұлы Совет тобының
Бірінші бетін мен аштым
Бостандық жайып өркенін
Халыққа түгел жеткенде
Жердің үсті, күн астын
Бүгін бе, әлде ертең бе,
Жұмыр жердің үстінде
Совет деген бір Одақ
Болуға күмән қылмассың.
Мен дүниеден кеткенде,
Бақыт, ырыс, сән өмір
Ұрпағыма жеткенде,
Жер жүзінің адамы
Бірінші топ өткенде
Немерем бе, балам ба,
Ашады топты мендей боп,
Оған да жоқ күмәнім.
Елім, ерім, Отаным!
Ашылды деймін бұл тобың
Берік, бірлік — достыққа
Жамбыл берді батасын!
Ел көсемі Сталин
Сталиндік жаңа заң,
Ел достығы жасасын!

Автор: nurgul95 | 116 |


Комментарии для сайта Cackle

Загрузка...
Рекомендуем:
Өлең: Жамбыл Жабаев (Кавказға)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Кавказға)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Майданға хат)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Майданға хат)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Біздің дәуірдің батырлары)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Біздің дәуірдің батырлары)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Орындалған ант туралы жыр)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Орындалған ант туралы жыр)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Жаңа жыл)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Жаңа жыл)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Мал өсірген аймаққа)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Мал өсірген аймаққа)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Үлкен МХАТ-қа)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Үлкен МХАТ-қа)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Жауға оқ)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Жауға оқ)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Жамбылдың халық үшін қалған жасы)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Жамбылдың халық үшін қалған жасы)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Қымбатты сый)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Қымбатты сый)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Күн нұры)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Күн нұры)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Жоғалт көзін)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Жоғалт көзін)
Өлең: Жамбыл Жабаев (XX жылдық тойда)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (XX жылдық тойда)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Москва туралы жыр)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Москва туралы жыр)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Ұсынамын)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Ұсынамын)
Өлең: Жамбыл Жабаев (Ленин мавзолейінде)
Өлеңдер жинағы
Өлең: Жамбыл Жабаев (Ленин мавзолейінде)

KZ / Өлеңдер жинағы, жамбыл жабаев Қазақ ССР Жоғарғы Советінің сессиясын ашардағы үш орденді халық ақыны депутат Жамбыл Жабаевтың сөзі өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша, жамбыл жабаев өлеңдері, жамбыл жабаев олендери, жамбыл жабаев стихи на казахском, Қазақ ССР Жоғарғы Советінің сессиясын ашардағы үш орденді халық ақыны депутат Жамбыл Жабаевтың сөзі, жамбыл жабаев Қазақ ССР Жоғарғы Советінің сессиясын ашардағы үш орденді халық ақыны депутат Жамбыл Жабаевтың сөзі өлең стихи на казахском жамбыл жабаев олен казакша жамбыл жабаев өлеңдері жамбыл жабаев олендери жамбыл жабаев стихи на казахском Қа, Өлең: Жамбыл Жабаев (Қазақ ССР Жоғарғы Советінің сессиясын ашардағы үш орденді халық ақыны депутат Жамбыл Жабаевтың сөзі) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке