» » » Өлең: Кенен Әзірбаев (Кененнің Шәлипамен айтысы)

Өлең: Кенен Әзірбаев (Кененнің Шәлипамен айтысы)

Өлең: Кенен Әзірбаев (Кененнің Шәлипамен айтысы) казакша Өлең: Кенен Әзірбаев (Кененнің Шәлипамен айтысы) на казахском языке
К е н е н:
Мінгенім астымдағы қызыл шолақ,
Қыз байғұс әкесіне аз күн қонақ.
Әй, қыздар, кедейсінбей өлеңіңді айт,
Тұсыңа келіп қалдым «құдашалап».

Ш ә л и п а:
Бағып жүрген ешкімнің бәрі жағал,
Әріптесім сен болсаң, әдіре қал.
Әдіре қал дегенге арсаңдамай,
Жел жағымды мүңсітпей әрі жоғал.

К е н е н:
Мен өзім Алатаудың ителгісі,
Қойшының қызға жақын икемдісі.
Кедейсің деп кемітпе, байдың қызы,
Келіп отыр құрбыңның сүйкенгісі.

Ш ә л и п а:
Көкала үйрек ұшады көл дегенде,
Ешкі емеді қойшылар шөлдегенде.
Сүт сауам деп кеудеңнің бәрі сірне,
Қойың бақпай, ой, сорлы - ау, нең бар менде!

К е н е н:
Қызы едің сен бір байдың өтпей жүрген,
Жиырма беске келгенше кетпей жүрген.
Көрмегендей мақтанба, байдың қызы,
Мен қойшы сендей қызды ептей жүрген.

Ш ә л и п а:
Рас, бізге бозбала болады ашық,
Ашық жайын біле ме қойшы пасық.
Сары майдан дәметкен кеудең құрсын,
Жел жағымда жүрмеші теке сасып.

К е н е н:
Сендей адам емес пе қойшы деген,
Жол үстінде жолықтым тойшыменен.
Көрмегендей мақтанба, байдың қызы,
Жолың болмас сырласпай қойшыменен.

Ш ә л и п а:
Сенің атаң, ей Кенен, жалаң аяқ,
Құртқан екен құдайым аямай-ақ.
Әкең байғұс ұстап жүр қазан-аяқ,
Қойды жөндеп бақсаңшы сандалмай-ақ.

К е н е н:
Сенің атаң, Шәлипа, Байбалақ-ты.
Жиырма беске келгенше бақты - қақты.
Төсіңдегі томпиған екі емшекті
Мендей қойшы мыжғылап аймалапты.

Ш ә л и п а:
Өйт - бүйтпесем, ей байғұс, өйт - бүйтпесем,
Қу шекпенді құржитып отқа үйтпесем.
Жапалақша жарбаңдап қалмай қойдың,
Итаяққа ас құйып «көйіт, көйіт»,— десем.

К е н е н:
Шәлипа, сеп олай деп кесірленбе,
Жүйрік аттай замғаймын көсілгенде.
Адамды итке теңеп шақыратын,
Шешең ит қып өзіңді өсірген бе?

Автор: nurgul95 | 236 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, кенен әзірбаев Кененнің Шәлипамен айтысы өлең стихи на казахском кенен азирбаев олен казакша, кенен әзірбаев өлеңдері, кенен азирбаев олендери, кенен азирбаев стихи на казахском, Кененнің Шәлипамен айтысы, кенен әзірбаев Кененнің Шәлипамен айтысы өлең стихи на казахском кенен азирбаев олен казакша кенен әзірбаев өлеңдері кенен азирбаев олендери кенен азирбаев стихи на казахском Кененнің Шәлипамен айтысы, Өлең: Кенен Әзірбаев (Кененнің Шәлипамен айтысы) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке