Ахмет Байтұрсынов (Жүргіншілер мен иттер)

 Ахмет Байтұрсынов (Жүргіншілер мен иттер)

Кеш мезгіл келе жатты екі кісі,
Сөйлесіп, кеңесерлік болып ісі.
Арсылдап бір ит шығып қақпа астынан,
Бөлінді екеуінің әңгімесі.
Жүгірді және бір ит оны көріп,
Артынан тағы ит шықты оған еріп.
Жиылды сол арада қырық-елу ит,
Бірінің даусын естіп бірі келіп.
Біреуі жүргіншінің сонда тұрып,
Ойлады қуалауға таспен ұрып.
Жолдасы жанындағы оған айтты:
«Қарама, неғыласың мойның бұрып.
Өшігер олар қайта мұнан жаман,
Тыймассың кесек атып лақтырып.
Үндемей жайымызға жүре берсек,
Өздері қояр әлі-ақ үріп-үріп».
Бұл сөзді екеуі де қабыл етті,
Иттерден қырық-елудей қадам өтті.
Басылып бірте-бірте дауыстары,
Кешікпей алды-алдына тарап кетті.
Тағы да бір сөз айтар келді ретім,
Жаратқан түрлі мінез Құдіретім.
Біреудің малын, яки бағын күндеп,
Күншілдер жоқ па шулап итше үретін?!
Күндесін, шуылдасын, қылсын өсек,
Етпелік, сөйлеп жүр деп, сөзін есеп.
Иттердей үріп-үріп тарап кеткен,
Қояды шулап-шулап, үндемесек

Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу
» Дастархан батасы: дастарханға бата беру, ас қайыру

Соңғы жаңалықтар:
» Ораза айт намазы уақыты Қазақстан қалалары бойынша
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!