» » » Өлең: Ғафу Қайырбеков (Бұқтарма теңіз үстінде)

Өлең: Ғафу Қайырбеков (Бұқтарма теңіз үстінде)

Өлең: Ғафу Қайырбеков (Бұқтарма теңіз үстінде) казакша Өлең: Ғафу Қайырбеков (Бұқтарма теңіз үстінде) на казахском языке
Бұқтарма теңіз үстінде
Аралдар бар не қызық.
Тұрады мұнар ішінде
Толқынға төсін емізіп.
Дүрбімен көріп кешкілік,
Азанда соған тартамыз.
Күн бойы сауық қос құрып,
Ат тауып қойып қайтамыз.
Біз жүрген бейне Магеллан,
Аралдар ашып талмастан.
Бәрі де тастан жаралған,
Мүкпенен басын тал басқан.
О баста олар құз екен,
Баурында бұлттар қайнаған.
Ай, жұлдыз түнде күзеткен,
Асыр сап арқар жайлаған.
Өн бойын енді су басып,
Баурында толқын дүрліккен,
Қалыпты аман қу басы
Кешегі мықты тірліктен.
Өлу мен туу - солай да
Тағдыр бір тәлкек етпесін,
Еткен соң оны аяй ма,
Алып тұр қазір екі есім.
Бірінші біздің есте жоқ,
Өзіміз қойған ат аян.
Таңертең көрген кеш те жоқ,
Тағдырда сондай жоқ баян

Автор: nurgul95 | 119 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, ғафу қайырбеков Бұқтарма теңіз үстінде өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша, ғафу қайырбеков өлеңдері, гафу каирбеков олендери, гафу каирбеков стихи на казахском, Бұқтарма теңіз үстінде, ғафу қайырбеков Бұқтарма теңіз үстінде өлең стихи на казахском гафу каирбеков олен казакша ғафу қайырбеков өлеңдері гафу каирбеков олендери гафу каирбеков стихи на казахском Бұқтарма теңіз үстінде, Өлең: Ғафу Қайырбеков (Бұқтарма теңіз үстінде) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке