» » » Өлең: Мұқағали Мақатаев (Көз жасы)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Көз жасы)

Өлең: Мұқағали Мақатаев (Көз жасы) казакша Өлең: Мұқағали Мақатаев (Көз жасы) на казахском языке
Көз жасы!
Көз жасы!
Көз жасы!
Түнек түнде көз жасы,
жалғыздықта көз жасы,
Тамшыдан соң тамшы кеп, жағалауға тамады,
құм қылғытып алады.
Жұлдыз да жоқ,
жоқ пенде,
түнек,
көздің жасы ағады,
Қара перде жамылған беттен жылжып барады.
О, неткен бұл әруей?
Түнек түнде жылаған?
Құмға барып,
Ұсқынсыз не үйінді құлаған?
Азап пенен өксіктен —
бұлақ ағып, мұң шыққан,
Зар еңіреп тағы үнмен
талықсыған, тұншыққан.
Көлбей жатқан жағада,
дауыл жатты көлбеген,
Түнгі дауыл сұрқай бір еш ырыққа көнбеген.
Жаймен басып жарықта
жап-жақсы едің, ей, елес,
Моп-момақан жүзің де ешкімдерден кем емес.
Алмағайып табаның түнде тайып қалғанда,
Алай-түлей мұхитың ақтарылды арнаңнан,
Ағыл-тегіл көз жасы! Ағыл-тегіл көз жасы!

Автор: nurgul95 | 215 |


Комментарии для сайта Cackle


Загрузка...

KZ / Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Көз жасы өлең мукагали макатаев олен, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, Көз жасы, мұқағали мақатаев Көз жасы өлең мукагали макатаев олен мұқағали мақатаев өлеңдері мукагали макатаев стихи на казахском мукагали макатаев стихи на казахском языке Көз жасы, Өлең: Мұқағали Мақатаев (Көз жасы) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке