» » » Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Глобус)

Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Глобус)

Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Глобус) казакша Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Глобус) на казахском языке
Глобусты алғаш көргенде,
Балалар оны қоршады.
Біреуі ұстай бергенде
Айналып кетті «жер шары».

Ормандар,
Сулар,
Далалар,
Үстінде сан мың қала бар.
Өздері тұрған әлемді
Көзімен көрді балалар.

Көкжиектерді көлбеген,
Сахараларды шөлдеген,
Мұхиттар мен тауларды
Сипалап көрді қолменен.

Кішкене менің достарым,
Дүнинені көріп шап-шағын.
Тек үнсіз ғана таңданып,
Шайқап бір қойды бастарын.

Балалар қандай саналы,
Құрылықтан құйттай жаңағы
Жабылып енді іздеді
Өздері туған қаланы.

Осынау құйттай тірлікте
Іздеген кезде күндікке.
Көздеріне әрең ілікті
Алматы деген бір нүкте.

Маңайы тау мен далалар,
Өзені,
Суы және бар.
Өздері тұрған нүктені
Сипады қолмен балалар.



Материалдың толық нұсқасын 50 секундтан кейін жүктеп алыңыз!!!!

Автор: ZHARAR | 25 | 1.04.2019


Загрузка...

KZ / Қазақша Өлеңдер жинағы, дәуітәлі стамбеков Глобус өлең стихи на казахском даутали стамбеков казакша олен, дәуітәлі стамбеков өлеңдері, стихи на казахском даутали стамбеков, даутали стамбеков олендери казакша, Глобус, дәуітәлі стамбеков Глобус өлең стихи на казахском даутали стамбеков казакша олен дәуітәлі стамбеков өлеңдері стихи на казахском даутали стамбеков даутали стамбеков олендери казакша Глобус, Өлең: Дәуітәлі Стамбекұлы (Глобус) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке