Қазақша өлең: Бұқар жырау (Тілек) » ZHARAR © 2017 | стихи на казахском языке бухар жырау, бухар жырау стихи на казахском, бұқар жырау тілек тилек өлең стихи на казахском бухар жырау казакша олен, бухар жырау олендери казакша




  • »

Қазақша өлең: Бұқар жырау (Тілек)

Қазақша өлең: Бұқар жырау (Тілек) казакша Қазақша өлең: Бұқар жырау (Тілек) на казахском языке

Бірінші тілек тілеңіз,
Бір Аллаға жазбасқа.
Екінші тілек тілеңіз,
Бір шұғыл пасық залымның
Тіліне еріп азбасқа.

Үшінші тілек тілеңіз,
Үшкілсіз көйлек кимеске.
Төртінші тілек тілеңіз,
Төрде төсек тартып жатпасқа.

Бесінші тілек тілеңіз,
Бес уақытты бес намаз
Біреуі қаза қалмасқа.

Алтыншы тілек тілеңіз,
Алпыс басты Ақ Орда,
Ардақталған аяулың
Күнінде біреуге
Тегіннен тегін олжа болмасқа.

Жетінші тілек тілеңіз,
Желкілдеген ту келіп,
Жер қайысқан қол келіп,
Сонан сасып тұрмасқа.

Сегізінші тілек тілеңіз,
Сегіз қиыр шартарап
Жер тұлданып тұрмасқа.

Тоғызыншы тілек тілеңіз,
Төреңіз тақтан таймасқа.
Тоқсандағы қарт бабаң
Топқа жаяу бармасқа.

Оныншы тілек тілеңіз,
Он ай сені көтерген,
Омыртқасы үзілген,
Аязды күнде айналған,
Бұлтты күнде толғанған,
Tap құрсағын кеңіткен,
Тас емшегін жібіткен,
Анаң бір аңырап қалмасқа.

Он бірінші тілек тілеңіз,
Омырауы жұпарлы,
Иісі жұпар аңқыған,
Даусы Құдай саңқыған,
Назыменен күйдірген,
Қылығымен сүйдірген,
Ардақтап жүрген бикешің
Жылай да жесір қалмасқа.


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 22 817
Рейтинг:
(голосов: 32)

.

MixAdvert

MarketGid

Соңғы пікірлер:
. .