Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Дұшпаның бар ма?)

Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Дұшпаның бар ма?) казакша Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Дұшпаның бар ма?) на казахском языке

-Дұшпаның бар ма? -дейсің,
Қайдан білем...
Әйтеуір, жүрген жерім - сайран кілең.
Қазақтың қайсы үйіне барсам-дағы,
Алдымда - ақ дастарқан, жайған кілем.
Дұшпаным жоқ-ау деймін, түрі жаман...
(Сірә, мен бұл майданда тірі қалам.)
Қазақтың қайсысымен кездессем де
Қайрылмай кеткені жоқ бірі маған.
Достастым кішісімен, үлкенімен,
Өзімшіл өжетімен, үркегімен.
Ата-қазақ алыста той жасаса,
Алдымен тізіміне тіркері - мен.
Қайғырмаймын соңымнан сөз бөскенге
Білемін бұғатынын кездескенде,
Әйтеуір, жүздерінде жылылық бар,
Қазақтың қайсысымен кездессем де.
-Дұшпаның бар ма? - дейсің,
Қайдан білем...
Асыр caп ортасында ойнап жүрем.
Сірә, мен бақыттымын дұшпаны жоқ,
Үйден шықсам - сауық пен сайран кілең.




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мұқағали мақатаев Дұшпаның бар ма өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жинағы, , мұқағали мақатаев Дұшпаның бар ма өлеңі, мукагали макатаев все стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдері, мукагали макатаев стихи на казахском, мукагали макатаев стихи на казахском языке, мұқағали мақатаев өлеңдер жинағы, м.мақатаев өлеңдер жи, Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Дұшпаның бар ма?), Қазақша өлең: Мұқағали Мақатаев (Дұшпаның бар ма?) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке