Өлең: Өзіме берген кеңесім

Өлең: Өзіме берген кеңесім казакша Өлең: Өзіме берген кеңесім на казахском языке

Сенбегейсің! Сенбесе ол да саған­
Күтпегейсің! Асықпай басса қадам­
Қарауға есігіңнен, не болды?- деп­
Басыңа іс түскенде ауыр,жаман­

Ұмытқайсың! Деп тұрса-Мен толғанмын!­
Өткен кезді ұмытып, кім болғанын­
Берген уәде-сөэдері ұшса егер­
Сезінгенде оңынан жел тұрғанын­

Шақырмағын! Енжарды әуре болып­
Ол бәрі-бір келмейді қолын созып­
Оларда тек денеде сыртқы мүше­
Басқа мүше бермеген оған қосып­

Іздегейсің! Адамды есітетін­
Көп ішінен бұрылып кезігетін­
Өзіңменен тағдыры жоғарыдан­
Жіп-жіңішке жіппенен есілетін­

Ұстанғайсың! Адамды адал ұғым­
Қайғы-мұңды бөлісе алатұғын­
Қаншалықты болсада пікір талас­
Ең соңында сенімен қалатұғын­

Сене білгін ұятты білетінге
Ақша емес иманмен жүретінге
Бос уәдені ешқашан бермейтұғын
Уәде берсе орындап өлетінге

Асыққайсың! Өзіңе құштар жанға­
Қуанатын көргенде анда-санда­
Бір мезет дидарласу нәр беретін­
Бір жыл бойы жетерлік әр-бір таңға­

Сақтағайсың! Қымбат жанды жүрегіңе­
Уақыттыңда көнбейтін үкіміне­
Сондай адам болса егер бақыттысың­
Жетелейтін биіктің биігіне­

Көп ғой жандар бұл өмір-тұрағыңда
Бөленгендер Алланың шуағына
Кездескенде солармен өмірдегі
Жауабыңды табарсың сұрағыңа

Автор: Лилия Собко,
"Советы самой себе" өлеңін қазақ тіліне аударған
Нұрсат Мүбарак ұлы


loading...


KZ / Қазақша Өлеңдер жинағы, , , Өлең: Өзіме берген кеңесім қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке