Қазақша өлең: 25 Қазан - Республика күні » ZHARAR © 2016 | республика туралы өлең, Қазақша өлең: 25 Қазан - Республика күні, республика күні туралы , қазақстан республикасы туралы өлеңдер , стихи на казахском языке ко дню республики казахстан , стихи на казахском языке про казахстан , қазақша өлеңдер қазақстан туралы,




  • »

Қазақша өлең: 25 Қазан - Республика күні

Қазақша өлең: 25 Қазан - Республика күні казакша Қазақша өлең: 25 Қазан - Республика күні на казахском языке

Рухынан жақсылардың нұр саулаған,
Жанымды мейірімі құрсаулаған.
Жайсаң өлке, жайдары Қазақстан,
Шуақ шашқан сәулелі күнсің маған!

Нұрына шомылдырып алтын күннің,
Республикам ертеңге талпындырдың.
Өзінен шабыт алып ақын қиял,
Шалықтап кең далада шалқып жүрмін.

Егемен елім десем, сенім кіріп,
Бойымды билеп кетер сенімділік.
Ешкімге ауыстырмас алтын Отан,
Жырлаймын қасиетіңді төгілдіріп.

Жақсылар жанын қиды қасіретпен,
Алаштың ерлері бар асыл өткен.
Арманым болмас еді-ау туған елім,
Гүл жайнап, қазақ болып тасып өтсем.

Өр Елім, маңдайыңнан жарық көрдім,
Бабалар өнегесін алып келдім.
Ескерткіш Елім үшін орнатпасам,
Мына жалған өмірге неғып келдім?

Жарқырап жанған күндей азаттығы,
Көрінер ұлтымның да ғажаптығы.
Республика күнімен құттықтаймын,
Өйткені ол - Ұлт күні, Қазақ күні!


Санат: KZ портал » Қазақша Өлеңдер жинағы | | 18 828
Рейтинг:
(голосов: 138)

.

. .