Қазақша өлең: Мерген Тоқсанбай (Қар жауған түн)

Қазақша өлең: Мерген Тоқсанбай (Қар жауған түн) казакша Қазақша өлең: Мерген Тоқсанбай (Қар жауған түн) на казахском языке

Мынау қардың тазасын-ай, аппағы-ай!

Тұра тұршы, лас табандар, таптамай!

Ақ көйлекті қалыңдықтай, кәдімгі,

Әп-әдемі бақтар-ай!

Осындай да

Аяқ-қолды тоңдырып,

Алып-ұшып кеудеңдегі соңғы үміт.

Алматының аруымен қыдырсаң,

Әр ұлпаны кірпігіне қондырып.

Аппақ қылып, аппақ кылып алапты,

Әрбіреуі ғажайып нұр таратты.

Аспан жақтан түсіп жатыр, би билеп,

Кіп-кішкентай періштелер қанатты!

Билеп, билеп, билеп жерге қонады...

Жүріп келем... Таусылған жоқ жол әлі!

Жүрегімде Алматының жылуы,

Көңілімде Көкшетаудың бораны!

Қарға ғашық болып көрген мұнша кім?

(Күнде осылай керемет боп тұрса Түн!)

Әкем алыс, қар күретіп қояр еді,

Шешем де алыс "үйге кір",- деп ұрсатын!

Бойындағы кісілікті қаза ғып,

Белден батқан былығына, сазарып,

Адамдардан шаршап жүргем және де

Аңсап жүргем Сені, қайран Тазалық!

Арманымды орындатқан бұл түн-ай!

Әне, бір қыз келеді, еріні - құлпынай.

Қуанышты кеудемдегі бөлісіп,

Ұстап алып, жуындырсам, шіркін-ай!




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, мерген тоқсанбай Қар жауған түн өлең стихи на казахском мерген токсанбай казакша олен, мерген тоқсанбай өлеңдері, стихи на казахском мерген токсанбай, мерген токсанбай олендери, Қар жауған түн, мерген тоқсанбай Қар жауған түн өлең стихи на казахском мерген токсанбай казакша олен, мерген тоқсанбай өлеңдері, стихи на казахском мерген токсанбай, мерген токсанбай олендери, Қар жауған түн, Қазақша өлең: Мерген Тоқсанбай (Қар жауған түн), Қазақша өлең: Мерген Тоқсанбай (Қар жауған түн) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке