Қазақша өлең: Дүйсенәлі Әлімақын (Майраға)

Қазақша өлең: Дүйсенәлі Әлімақын (Майраға) казакша Қазақша өлең: Дүйсенәлі Әлімақын (Майраға) на казахском языке

Екеуміз екі қалада жүріп ,
Сағыныш әнін шырқаймыз .
Асыл армандар жағада күліп ,
Басынан оның сипаймыз .

Екеуміз екі қалада ұйықтап ,
Ояндық тәтті түс көріп .
Махаббаттың балынан ұрттап ,
Мұңынан оның ішпедік .

Екеуміз екі ауылдың көркі ,
Бетінен ешкім қақпаған .
Ескі үйге сені барғанда ертіп ,
Қуанып , сүйіп жатты анам .

Қосылып тілек , тоғысып жүрек ,
Отау тігіп үй болдық .
Сүйудің шоғын маздатып ,
Өмірден бәрін үйрендік .

****

Саған деген сезімді сетінетпей ,
Заман деген теңізді кешіп өтпей .
Саған өлең жазып ем көз алайтты,
Екі беткей дүние – ай , екі беткей .

Үнсіз ғана тыңдап ем қаздардың әнін ,
Үніңді естіп тұрғандай назданды жаным.
Асау жүректің лұпілін жырмен тербетіп ,
Жалғыз құшақтап жүріппін арманның бәрін .

Гүлге лықсыған гүлбақтың бұлбұлы едің ,
Арманы асқақ ақынның бір мұңы едің .
Жеті түндерде қақсам ба қақпаңды сенің ,
Бақыт дейтін көшенің тұрғыны едің .

Адамзат дейтін сеніп ем ақымақтарға ,
Ойымды шашып жіберді атыраптарға .
Саған айтар сөзімді мезгілге айттым,
Жүрек сөзімді кестелеп жапырақтарға .

Керуен боп барады бұлттар қайтып ,
Көкжиектің бетінде шықтар қалқып.
Қанатымен қоңыр қаз хат жолдадым ,
Саған айтар сырымды құстарға айтып .

***

« Түгел боп тұр төрт қыбылам қай менің » ,
Оған бола лайланбайды ай – көлім .
Көктен түскен аппақ қанат көгершін ,
Қаққылап тұр көңілімнің әйнегін .

Қаққылай тұс, көңілімді көгершін ,
Сен ғайыптан самғап үшып келерсің .
Күндеріне үнсіздікпен қол берген ,
Бұл көңілге не дерсің ?


Ақ көгершін , ән боп тусаң деп едім ,
Үмітімді жалғастырсам деп едім .
Шалқұйырықтай шалдықпайтын арманды ,
Саған ұқсас самғаттырсам деп едім .

Қайрат жеңіп , ашу кетсе деп едім ,
Мына өмірге асылды екше деп едім .
Төрт жыл жазған өлеңімді жұрт сүйіп ,
Төрт мұқитқа атым жетсе деп едім .



Жүктеу батырмасы 50 секундта ашылады!!!
Қалай жүктеймін?




KZ » Қазақша Өлеңдер жинағы, дүйсенәлі әлімақын Майраға өлең стихи на казахском дуйсенали алимакын казакша олен, дүйсенәлі әлімақын өлеңдері, стихи на казахском дуйсенали алимакын, дуйсенали алимакын олендери, Майраға, дүйсенәлі әлімақын Майраға өлең стихи на казахском дуйсенали алимакын казакша олен, дүйсенәлі әлімақын өлеңдері, стихи на казахском дуйсенали алимакын, дуйсенали алимакын олендери, Майраға, Қазақша өлең: Дүйсенәлі Әлімақын (Майраға), Қазақша өлең: Дүйсенәлі Әлімақын (Майраға) қазақша өлеңдер жинағы скачать бесплатно олен казакша махаббат туралы стихи на казахском языке стихи на казахском языке стихи с днем рождения на казахском языке