«Барселона» футбол клубының және Аргентина ұлттық құрамасының шабуылшысы әлемдегі ең қымбат көлік - 1957 жылы шығарылған Ferrari 335 S Spider Scaglietti спорткарын сатып алды деп хабарлайды Bleacher Report.
Астанада Ресей елшілігі консулдығына сол елдің «Отандастар» бағдарламасына құжат өткізуге күніне ондаған адам келеді. Елшілік мәліметінше, ТМД-да негізінен бұл бағдарламаға Қазақстан азаматтарының ықыласы ерекше деп жазады Азаттық.
Баян Есентаева өзінің әлеуметтік желідегі жеке парақшасында басты рөлді Төреғали мен Ерке Есмахан сомдайтын жаңа комедиялық фильм жарыққа шығатынын мәлімдеді.
Штаттан тыс жұмыс істейтін журналист Робин Акройд сенсациялық мәлімдеме жасады. Ол әлемнің жартысын өзіне бас игізген моңғол қолбасшысы «Шыңғыс ханның нақты жерленген жерін таптым» деп отыр.
Ұлттық валютамыз келешекте ішкі нарықта толық үстемдікке ие болады. Бұл туралы бүгін Шымкенттегі іссапары барысында Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев мәлімдеді.
Қыз тұрмысқа шыққанда артынан алып баратын дүние-мүлкі қыруар қаржыны талап етеді. Әрине, елдің әр өңірінде қыздың жасауына деген көзқарас әрқилы. Бірақ, оңтүстік жақта бұл дәстүрге аса мән беріледі. Тіпті ел арасында «қыздың артынан барған дүниесі жаңа түскен келіннің абыройлы болуына тікелей қатысты» деген пікір тарап жүр.
Алматылық Димаш Әділет Instagram-дағы ең бай балалар тізіміне еніп, ағылшындардың назарын аудартты. Жақында желіге қазақстандықты басты кейіпкерлердің біріне айналдырған британиялық деректі фильм жүктелді деп хабарлайды nur.kz порталы.