Қазақстандық байлар мен кедейлердің ішетін тамағының айырмашылығы қандай?

Қазақстандық байлар мен кедейлердің ішетін тамағының айырмашылығы қандай?

Алматы - тек алманың ғана емес, ақшаның да қаласы болып саналады. Себебі, еліміздегі ең үлкен салықтың төлем осы шаһардан жиылады. Сондай-ақ сырттан келетін туристер мен қатар еліміздің қалталы азаматтарының басым көпшілігі осы шаһарды тұрғындары.

Жергілікті халық арасында «Алматыда құстың сүтінен басқаның бәрін табуға болады» деген сөз бар. Яғни, мегаполиске отандық үздік өнімдерден бастап әлемнің барлық бұрышынан тағам мен тауардың барлық түрі тасылады. nur.kz порталы бүгінгі мақалада еліміздегі байлар мен қарапайым халық жиі тұтынатын тауарлардың баға айырмашылығын анықтап көрді.

Яғни, 1 тауар қала орталығындағы қара базарда қаншаға сатылады және қалталыларға арналған дүкенде қанша тұрады? Салыстырып көрейік.

1. Еліміздегі ең басты азықтың бірі –ет. Алматы базарларында сиыр мен қой етінің сүйекті бөлігінің 1 келісі - 1300 теңге, жылы-жұмсақ саналатын жамбас еті - 1500 теңге.

Сауда дүкенінде отандық еттің сүйектісінің 1 келісі - 4580 теңгеден, ал жамбас ет - 6570 теңгеден саудалануда.

Қазақстандық байлар мен кедейлердің ішетін тамағының айырмашылығы қандай?

Ал қазының құны тым жоғары. Жәй базарларды 1 келі қазы – 2000 теңге болса, қаланың орталығында, ең кең даңғылдардың бойында орналасқан байлардың дүкенінде – 6250 теңге.





2. Кәдімгі түйірлі ақ пияздың 1 келісі базарда 80 теңге. Осы көкөністі сауда дүкенінен 1 келісін 5700 теңгеден сатып алуға болады. Себебі, оны Испаниядан әкелген. Сатушылардың сөзінше екі пияздың дәмінде аса айырмашылық жоқ.





3. Қалталырарға арналған дүкенде ең қымбат астың бірі - картоп. Кеше ғана топырақтан қазып алынған, еш дәрі-дәрмексіз өсірілді деген картоптың келісі 1680 -5700 теңгенің аралығында.





Әрине, барлығы Еуропа елдерінен әкелінген. Ал, еліміздің өңірлерінде өсірілген картоптың ең қымбаты базарларда 80- 100 теңге.



4. Сәбіздің де бағасы сауда үйінде 6 есе жоғары. Базарда 1 келі жуылмаған сәбіз -130 теңге болса, дүкенде -780 теңге.





5. Жергілікті алманың да бағасы дүкенде 3 есеге қымбат. Қара базарда «Превосход» сұрыпының 1 келісі 350 теңгеге бағаланса, дәл сол түрін дүкенде 1100 теңгеден саудаланады.





6. Байлардың дүкенінде түрі көп тауардың бірі – қызанақ. Мұнда оның 10-нан астам сұрпы бар. Оның ішінде отандық өнімді де кездестіруге болады.







Жергілікті қызанақтың 1 келісі 4130 теңге, ал франциялық -12 000 теңгеден жоғары. Базарда жергілікті қызанақтар 1300, ал Ташкенттен әкелінгендер – 1100 теңге.



7. Экзотикалық асқа келер болсақ Моррокодан әкелінген апельсиннің 1 келісі базарда -400 теңге, дәл сол елдің жемісі сауда дүкенінде 1380 теңге тұрады.





8. Байлардың дүкенінің төрінде орналасқан бөлім - ол сүт өнімдері. Мұнда отандықтан бастап жер-жүзінің ірімшіктерін кездестіруге болады. Бағалары қарапайым халық үшін тым жоғары.





Өздеріңіз көріп отырғандай, мұнда ірімшікті келілеп емес, граммдап сатады. Себебі, 1 келі еуропалық ірімшіктің орташа құны 25 мың теңге.



Ал базарларда ең қымбат ірімшік Ресейден әкелінген. Ал қаптамасында голландық деп жазылғанның өзі Қырғызстан мен Ресейде еуропалық технологиямен жасалған баламасы ғана. Сол себепті ең қымбаты 1700 теңгеден әрі аспайды.



9. Әрбір отбасыда жұмыр кеспе (вермишель), түтік кеспемен (рожки) аптасына бір рет болсын ас әзірленеді. Сауда дүкенінде итальяндық кеспенің түрлерінің 0,5 келісі -1700 теңге, ал ағылшындық кеспенің 250 граммы - 3450 теңгенің үстінде.







Саудагерлердің сөзінше, бұл кеспенің өзгешілігі артық қоспасыз, әр данасы аспаз қолымен дайындалған. Ал отандық кеспелердің 0,5 келісінің ең қымбатын 150 теңгеге алуға болады.



10. Сатушылардың сөзінше, жергілікті байлар суды да шетелден сатып ішкенді ұнатады. Сондықтан да дүкендерде 0,5 литрлық минералды тазартылған судың 1 данасы - 550 теңге.



11. Ақшаң болса қалтаңда қақаған аязда жаңа терілген құлпынай мен қарбызды да жеуге болады. Жаз мезгіліндегідей арзан болмайтыны айдан анық. Қымбат дүкенде 8 дана құлпынай – 2896 теңге, ал 1 келісі - 14780 теңге.



12. Қарбыздардың басым көпшілігі испандық. Көлемі шағын, ең ауырының салмағы 2 келіге жетер-жетпес. Ал бағасы 1 данаға шаққанда 16 600 теңге.

13. Түсірілім барысында таңертең ғана Испанияда пісірілген нанды да кездестірдік. 200 граммы - 480 теңге. Басты ерекшелігі ашытқысыз дайындалған және шетелден ұшақпен әкелінген.



Қалталыларға арналған сауда дүкеніне кіріп 1 кәрзеңке азық-түлік алу үшін қалтаңызда кемі 100 мың теңге болуы тиіс.



Осындай шарықтаған бағаларға қарап жатқан бай-бағыландар жоқ, олар мұнда жиі бас сұғып, керекті тауарын сатып алады. Әрине мұнда базардағыдай ағыл-тегіл адам жоқ.






Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Facebook | VK | WhatsApp | Telegram | Twitter

Қарап көріңіз 👇



Пайдалы сілтемелер:
» Ораза кестесі 2024 жыл. Астана, Алматы, Шымкент т.б. ауыз бекіту және ауызашар уақыты
» Туған күнге 99 тілектер жинағы: өз сөзімен, қысқаша, қарапайым туған күнге тілек
» Абай Құнанбаев барлық өлеңдер жинағын жүктеу, оқу

Соңғы жаңалықтар:
» Биыл 1 сыныпқа өтініш қабылдау 1 сәуірде басталып, 2024 жылғы 31 тамызға дейін жалғасады.
» Жұмыссыз жастарға 1 миллион теңгеге дейінгі ҚАЙТЫМСЫЗ гранттар. Өтінім қабылдау басталды!
» 2024 жылы студенттердің стипендиясы қанша теңгеге өседі